Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2948 0 пікір 13 Тамыз, 2013 сағат 09:00

Мұрат Әуезов: «Қазақстандағы қытайлар саны біз айтып жүргеннен әлдеқайда көп»

Бұл кісі бітіп жатқан дәуір жүйкесін жан-тәнімен сезінеді. Оның кеңіс пен уақыттағы жаңа мен ұмытылған ескіні ашуында - шек жоқ. Оның дүниені сезуі – тарихтың, философия мен әдебиеттің араласқан қан-жынынан табылады. Бұл кісімен әңгімелесу сөздің тереңдігімен, сөз саптауымен, кәдуілгі нәрселерге деген оның қарабайырлықпен және әріп мүжумен жанаспайтын, ерекше де мүлдем жаңа көзқарасымен қайран қалдырады. Ол – ауызекіні жазбашаға қотару қабылетін жоғалтпаған кісі. Және де уақытты өкшелеуден шаршамайтын адам. Ол ылғи да жаңа оймен шығып, ескірмейтін жан. Мұрат Әуезов – мәдениеттанушы, қытайтанушы, ойшыл. Жалғастыра беруге болады

 

– Мұрат аға, кәсіпқой қытайтанушы ретінде сізден Қытай турасында сұрамай отыра алмаймын.Үлкен көрші тарапынан қатер қаншалықты, қытай қатері – әфсана емес пе? 

– Шынын айтсам, мен жағдайды бақылап отырған жоқпын. Және де бұл турасында соншалықты уайымдамаймын да. Мен өзімді классик-қытайтанушы қатарына жатқызбаймын, қытай тілін КСРО-дағы ең озат оқу орны – ММУ жанындағы Шығыс тілдері институтынан оқысам да. Онда біз лингвистикалық білімді ғана емес, ел жайында солайымен зерделегенбіз. Мен қытайдың әскери терминологиясын жақсы меңгердім, өйткені, институтта мықты әскери кафедра болған еді…

Бұл кісі бітіп жатқан дәуір жүйкесін жан-тәнімен сезінеді. Оның кеңіс пен уақыттағы жаңа мен ұмытылған ескіні ашуында - шек жоқ. Оның дүниені сезуі – тарихтың, философия мен әдебиеттің араласқан қан-жынынан табылады. Бұл кісімен әңгімелесу сөздің тереңдігімен, сөз саптауымен, кәдуілгі нәрселерге деген оның қарабайырлықпен және әріп мүжумен жанаспайтын, ерекше де мүлдем жаңа көзқарасымен қайран қалдырады. Ол – ауызекіні жазбашаға қотару қабылетін жоғалтпаған кісі. Және де уақытты өкшелеуден шаршамайтын адам. Ол ылғи да жаңа оймен шығып, ескірмейтін жан. Мұрат Әуезов – мәдениеттанушы, қытайтанушы, ойшыл. Жалғастыра беруге болады

 

– Мұрат аға, кәсіпқой қытайтанушы ретінде сізден Қытай турасында сұрамай отыра алмаймын.Үлкен көрші тарапынан қатер қаншалықты, қытай қатері – әфсана емес пе? 

– Шынын айтсам, мен жағдайды бақылап отырған жоқпын. Және де бұл турасында соншалықты уайымдамаймын да. Мен өзімді классик-қытайтанушы қатарына жатқызбаймын, қытай тілін КСРО-дағы ең озат оқу орны – ММУ жанындағы Шығыс тілдері институтынан оқысам да. Онда біз лингвистикалық білімді ғана емес, ел жайында солайымен зерделегенбіз. Мен қытайдың әскери терминологиясын жақсы меңгердім, өйткені, институтта мықты әскери кафедра болған еді…

– Демек, сіздің оқуыңызда қосалқы тағы бір сыр болған екен ғой?

– Иә, сол себепті қытайдың әскери сөздік қорына үлкен мән берілді. Себебі, бізді соғыс жағдайындағы тілмаштық пен аудармаға дайындап еді.  

Сонда сіз екіжақты мақсатқа оқыған студент болған екенсіз ғой

– Солай болғаны. Мен Қытайда елші болғанымда, әскери терминдер жөнінен мағынасы орыс тілінде түсініксіз әскери терминдерді келтіріп, әңгімелестерімді қайран қалдыратынмын...

– Мұрат аға, Қытайдан бастайық. Соңғы кездері оның Қазақстанға қатысты сыртқы саясаттағы әңгіме ауаны қалай өзгерді?

– Мен қытай қоғамындағы өз күштерін сезінудің нығайа түскенін аңдап отырмын. Қытайда дипломатиялық деңгей аса жоғары, ол әлемдік гегемондарға ғана емес,  ең әуелі қытай халқының өзіне бағытталып отыр. Мен Шыңжанда да, Бейжіңде де болып жүрмін. Қытайлардың ішкі болмысын сезінуі шұғыл өзгерген. Аспанасты елінде өзінің күшіне,тіпті артық екендігіне деген байсалды да сенім күшейген. Бүгінгі қытайлар өздерін тағы да дүниенің кіндігі сезінеді.

Бір жағынан – қазақ-қытай достығы. Басқа жағынан – бізде көршіні мазалау мен жынына тию жоқ. Ал енді халқымыз сыртқы қатер жөнінде ештеңе білмейді. Тіпті, объективті жағдайды білетіндей, оған уәж айтатындай да пікірі жоқ... сонда қалай?!

– Міне, сол себепті де Қазақстанға Қытайтану институты керек. Біз көршімізді зерделеп, зерттеуіміз қажет. Және де онда не болып жатқанын ұғуға тиіспіз.

Онда Ресей мен АҚШ институттарын да құру керек қой!

– Ең құрығанда Ресей мен Қытай институттары болуы керек! Бұлар біздің жақын көршілеріміз әрі стратегиялық серіктестер. Бізге бұл елдерді зерттейтін мамандарды даярлайтын жүйелі дайындық керек.  

Бұл үшін біздің өз мамандарымыз жете ме?

–Ғалымдар ғана емес, елдің басшылығына қажетті ұсынымдар мен қандай да бір ел турасында жан-жақты зерделеу үшін арнайы қызметтік ақпараттар да керек. Сол кезде қоғамымыз дұрыс бағдарға түседі. Қауіпсіздікті ойластыратын жағдайды қамтымасақ, бәрі де картон үй секілді опырылып түсуі кәдік. Көршілеріміз турасында ойланбас бұрын, өзімізге мынадай сұрақ қойуымыз керек: біз өзі кімбіз? Халықаралық шоу-таныстырымдар үшін емес,  гамбургтық есеппен айқындалғанымыз жөн.

Бұрынырақта сіз «Шыңжандағы жағдайОрта Азия мен Қазақстанға жасалатын жорықтың әзірлік алаңы» дегенсіз. Не айтқыңыз келді сонда, қандай оқиға орын алуы мүмкін?

– Бұл жерде әскери терминология қолданылған жоқ. Ол маңда әскер мен қару-жарақ шоғырланып жатыр деген сөз емес. Жоқ. Шыңжанда хансу жұрты мол шоғырлануда, Қытайдың ішкі маңайларынан біздің шекараға келтірілуде. Керемет қалалар мен жолдар салынуда. Бұлар миллиондаған адамдар. Олардың өндірістік-құрылыс бригадасы бір тәулікте Қытайдың кәсіпқой әскери бөлімшелеріне айналып шыға келе алады. Олардың жалпы саны – шамамен бүгінгі Қазақстан халқының санына таяу, тікелей Бейжіңге қарайды.

Ал қазақтар мен ұйғырлардың қытайға сіңуі ше?

–Шынын айтсақ, біз бұл күресте зорығып болдық деуге болады. Бұл жайында не айтсақ та, біздің қандай ренішімізге де көршіміз бүлк ететін емес!  Қазақстан ешқашан да қатаң мәлімдеме жасаған емес. Даулы аумақ бойынша да, шекаралас өзендер бойынша да.

Сіз елші болғанда бұл мәселе тарапына бірдеңе істелді ме?

– Қытайлар ылғи да бұл мәселенің зерделеніп жатқандығын айтумен шектелетін.  Цзянь Цземинь Қазақстанға келгенде, ол әлгі өзендердің Қытай пайдасына қолданылу керектігін құпия түрде нұсқағаны бар.

Егер ол нұсқау құпия болса, сіз қалай білдіңіз?

–Маған бұл құжаттарды Қытайдан беріп жіберді. Және де мен шекаралық өзендер мәселесін ҚХР-дың шешуге құлқы жоқтығын халыққа жариялағанымда, біздің арнайы қызмет өкілдері маған жетіп келді.

Олар сізден не алғысы келді?

–Әрине, құжат алғысы келді! Мен бұлардың көшірмесін ҰҚК қызметкерлеріне бердім. Бұл құжаттарда Қытайдың жуық арада шекаралас өзендер мәселесін шешпейтіндігі келтірілген. Енді  қытайлар Қара Ертісті ауыздықтап орасан су қоймасын салып тастады және Іленің суын да бөгеді. Қытай диқандары үлкен көлемде пестицид қолдануда. Бұлар сумен Ілеге құйылады. Енді Қапшағайдың неге айналып келе жатқанына назар аударыңыз.

Неге айналып бара жатыр?

–Шайындыға. Бірақ Қазақстан үнсіз. Ал бізге Үндістан мен Бангладеш секілді Қытайдан келетін су көлемі мен сапасын келісуіміз керек.

Мұрат Мұқтарұлы, сізше Қытайдың Қазақстандағы негізгі мүддесі қандай?

– Әрине, Қытайға бүгін біздің мұнай мен газ керек. Бірақ, бастысы, оған Қазақстанға өзінің тырп еткізбестей ықпалы қажет. Қытайда іргелі көпсанды халық мәселесі бар. Және де Қазақстандағы қытайлар саны біз айтып жүргеннен әлдеқайда көп.  Бұл жерде қытайға деген жек көру мәселесі емес.  Біз өзімізді өзіміз құрметтеп, өз мүддемізді қорғауымыз керек. Қытай оқулықтарында ашықтан ашық Қазақстанның бір бөлігі «әділетті түрде» өсіп келе жатқан Қытайға берілуі керек деген уәж келтіріледі. Ал әзірше бұған Қазақстан тарапынан қолға алынып отырған шаралар мен әрекеттер сәйкес еместігін ғана келтіреміз.  Ал біздің азулы БАҚ-тарымыз қайда?

Тағы да журналистер кінәлі ме?

– Жоға, әрине…

Ал сіз арнайы қызмет өкілдеріне берген  құжаттан кейінгі ресми тірлік не болды?

–Көріп тұрсыз ғой, ешқандай да…

Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қатынасына қарағанда, әркім өзімен өзі секілді әсер бар.  Бірақ бұл қызық қой, бір ғана шекаралас өзендердің мәселесі қандай. Сіздің ойыңызша, бұл елдердің өзімен өзінің болу себебі неде, әлде бұл соншалықты мәселе емес пе?

– Биыл Ыстық көлде «Соғыс және Ұлы Жібек жолы жадындағы бейбітшілік» деген семинар өткіземіз. Оған мықты қатысушылар бармақ. Біз ықпалды да беделді адамдарды жинаймыз. Осы семинарда бұл байланыстар неге үзілуде екендігін талдаймыз, геосаяси жағдайды талқылаймыз.

Бұл кездесудің мәні не сонда?

–Біз Орталық Азияны өгей ойыншылардың нысаны ретінде емес, қазіргі гесосаяси жағдайдағы біріккен қауқарлы субъект ретінде көргіміз келеді. Және де мұны ұғатын көптеген ықпалды адамдардың қызығуын көріп отырмыз. Бұл үнімізді мемлекет басшылары естіп, жеке амбицияларынан аса алар деген үміттеміз. Биыл СІМ белгілі бір мүдделік танытып, бұл кездесуге Орталық Азия елдерінің  ЮНЕСКО ісі бойынша ұлттық комиссияларының бас хатшыларының да қатысатындығын бекітті.

– Ал Қазақстан қытайдың евразиялық кеңістіктегі экономикалық басқынынан  құтыла ма, ол үшін не істеу керек?

–Осы жерде әлгі Қытай институты керек. Қазақстан ең әуелі өз мәселесін шешсе, онда кез келген мәселені де шеше алады. Біз бутафор-мемлекет болғымыз келмейтін шығар. Азаттық пен егемендік – ұлы құндылықтар. Қазақстан халқы бұған талай зорлықты бастан кешіп жетті. Қазіргі әлемде халқыңның саны миллиард па, әлде 16 миллион ба, оның мемелкет үшін мәні жоқ. Тайванда тіпті  17-ғасырдағы карта бойынша Қытайдың  9-ға жіктелуі керек деп есептейді. Онда Қытай қорқытушы алпауыт болудан қалар еді.

Сұхбаттасқан: Дмитрий БАЦИЕВ,  Анастасия ОМЕЛЬЧЕНКО

"Мегополис" газеті.

Орысшадан ықшамдалып аударылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340