Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2483 0 пікір 4 Қазан, 2023 сағат 14:50

Азияда-2023: боксшы Карина Ибрагимова финалға шықты

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова финалға шықты.

Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері К.Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда тәжікстандық Мижгона Самадовамен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын 3:2 есебімен ұтты.

Осылайша, бұған дейін олимпиада жолдамасына қол жеткізген Карина Ибрагимова енді Азиада алтыны үшін әлем чемпионатының екі мәрте чемпионы, тайбэйлік Ю Тин Лимен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қамшыбек Қоңқабаевтың Азия ойындарының финалына шығып, олимпиада жолдамасына ие болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен финалға жолдама алды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2538
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668