Жексенбі, 24 Қараша 2024
1492 1 пікір 5 Қазан, 2023 сағат 12:55

Сенат Қазақстан-Қытай азаматтарының дерегін алмасу туралы заңды мақұлданды

Сенат депутаттары Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қос елдің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мұқұлдады, деп хабарлады Halyq Uni.

Сенатор Қайрат Тастекеевтің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасында түрлі салада 250-ден аса халықаралық шарт жасалған. Ол ынтымақтастықты тиімді іске асыру үшін қос ел арасында тиісті ақпарат алмасу бойынша шараларды қарастыратын келісім жасау қажеттігі пайда болғанын атап өтті.

Ратификациялауға ұсынылып отырған келісім Қазақстан мен Қытайдың көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау үшін құқықтық негіз жасайды. Атап айтқанда, тараптардың азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу жөніндегі тиісті тетікті жасауға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді, - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.

Келісімді ратификациялау қос ел арасындағы құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті одан әрі дамытуға, сақтауға және екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. 

Сенат депутаттары заңды бірауыздан мақұлдады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566