Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3953 0 пікір 14 Тамыз, 2013 сағат 08:06

«Гүлдер» ансамблі кастинг жариялайды!

Отандық өнердің бренді «Гүлдер»  ансамблі  эстрадалық  жанр бойынша  талантты әншілер мен бишілерге  кастинг  жариялайды. Кастинг 19-тамызда сағат 12.00-де, Алматыда,  «Қазақконцерт» ғимаратында өтеді.

Егер Сіздің бойыңызда:

Әншілік немесе бишілік  тума дарыныңыз болса, заманға сай  даусыңыз бен  қабілетіңіз болса,  елді елітетін сымбатыңыз бен тартымдылығыңызға сенсеңіз, өзіңізді қазақ өнерінің болашақ жұлдызы ретінде көргіңіз келсе;

Аты аңызға айналған  «Гүлдерге» келіп, бағыңызды сынап көріңіз!

Қатысушыларға қойылатын талаптар:  тірі дауыста қазақ тілінде және басқа  тілдерде ән шырқау, аудиториямен жұмыс жасай білу, мүмкіндігінше  республикалық және халықаралық байқауларға қатысқан, жас мөлшері  18-35 жас аралығында  болуы шарт. Бәйгеден үміткерлер концерттік костюмде  3 ән орындауы қажет.  2 әнді минус аудионың сүйемелдеуінде, 1 әнді плюс аудио түрінде алып келуі қажет.  Қатысу үшін   2797002, 2797063 телефондары арқылы алдын-ала тізімге жазылуы шарт.  

Аnsamblgulder@mail.ru электронды поштасына өзіңіз жайлы толық мәліметті (аты-жөніңіз, телефоныңыз, мекенжайыңыз, өзіңіз туралы шағын баяндау,  суретіңіздің толық нұсқасы, мүмкіндігінше әніңіз жазылған  үн таспа)  жолдауыңызға  да болады.

Бөлісу үшін:  www.ansamblgulder.kz сайтындағы парақшалар. 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 728
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 842
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 810