Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 3509 43 пікір 10 Қазан, 2023 сағат 15:14

Сарапшы: Путин ХАМАС-ты Израильге шабуыл жасауға итермеледі

Доғарыстағы полковник, британ армиясының әскери офицері Ричард Кемп (Colonel Richard Kemp) лаңкестердің агрессиясы Ақ үйдің назарын Украинадағы соғыстан басқа жаққа аударуға бағытталған деп санайды.

7 қазанда Израильдің оңтүстігінде болған оқиға бір топ лаңкес тарапынан аяқ астынан орын алған шабуыл емес, оған қарағанда ауқымы мүлдем кең. Қанішерлерді шабуылға айдап салған қол Мәскеуде жатыр.

ХАМАС-тың агрессиясы Ресейге не үшін тиімді? Америка әкімшілігі мен Еуропа басшылары бір жарым жылдан аса бар зейіндерін әлемдік соғысқа анайлып кетпес үшін Украинадағы шайқасқа аударып келді. Енді олар Таяу Шығыстағы жарылысқа ие болды.

Бұл – Путин стратегиясының бір бөлігі. НАТО-мен бетпе-бет келуден тайсақтаған Ресей президенті басқа жерлердегі тайталастардың көрігін қыздырады: Армения мен Әзербайжан, Сербия мен Косово, Батыс Африка, енді міне, Израиль.

Құрлықтың әр түпкіріндегі орын алатын тұрақсыздық АҚШ назары мен ресурстарының жұмсалуын Украинадағы соғыстан басқа жаққа аударады. Естеріңе сала кетер болсақ, осы жақында ғана америкалықтар Израильдегі қару-жарақ қорының едәуір бөлігін Украинаға берген болатын. Егер ХАМАС-пен арадағы соғыс созылып кететін болса, онда әуел баста Украинаның Ресеймен соғысына арналған Израиль қоймаларындағы оқ-дәрі мен қару-жарақтарды кәдеге жаратуға тура келеді.

Бұрын Ресей Украина қалаларына соққы жасау үшін ирандық самғауыттарды (дрондарды) пайдаланып келсе, енді Мәскеу Тегеранға шабуылшы самғауыттарды Израильге қарсы қолдануға итермелеп отырған жайы бар.

Тап осы жағдайда олар үшін ирандық режім – ең бір табылмас әріптес. Өйткені, олардың басшылары талай мәрте Израиль мен АҚШ-ты жойып жібереміз деп қоқан-лоққы көрсетіп, Газа секторы мен Ливандағы лаңкестерді ашық қолдап келеді. Тегеран көптен бері ХАМАС пен Ислам джихадын қару-жарақпен қамтамасыз етіп, Газа секторы, Иудея мен Самариядағы содырларды дайындықтан өткізуде.

Кремль өз кезегінде құдыстық лаңкестермен кеңестік кезеңнен бастап тығыз байланыс орнатқан еді. Сол кезде КГБ офицері болған Путин Дрезденде таяу шығыстық лаңкестермен кездестіп тұрды.

ХАМАС басшылары, оның ішінде осы лаңкестік ұйымның саяси бюросын басқаратын Исмаил Хания, Украинамен соғыс басталған кезден бастап, бірнеше мәрте Мәскеуде болды. Олар Ресей СІМ Сергей Лавров бастаған жоғары шенді Ресейлік шенеуініктермен кездесті.

2023 жылдың наурызында Мәскеуге Зияд ан-Нахал бастаған Ислам джихадының делегациясы келіп кетті. Хизбалланың эмиссарлары да Ресей астанасының сыйлы қонағы болды. Өйткені, оның содырлары ресейліктермен бірге Сүрияда бірлесе соғысқан еді. Насралло шейхтың лаңкестік ұйымы Ресейге батыстық санкцияларды айналып өтуге көмектесіп келеді. АҚШ қаржы министерлігінің мәлімдеуінше оларға берілетін сыйақы орыс қаруы болуы әбден мүмкін.

ХАМАС-тың Израильге шабуыл жасауында Иранның тізгінді өз қолында ұстауының басты себебі Байден әкімшілігі лаңкестік әрекет басталмастан сәл бұрын 6 млрд долларлық Иран активін бұғаттан босатқан еді. Иран тек қана ядролық қару жасау бағытында әрекет жасап жатқан жоқ, Таяу Шығысты үрейде ұстау үшін ондағы және одан тыс лаңкестік ұйымдарды қаржыландырып келеді. Ирандықтар сонымен қатар Ресей армиясының Украинада жасаған әскери қылмысын ашық қолдауда.

Израильге жасалған шабуыл Байденді иландырмайтын болса, онда Иранды арқадан қағып мәз қылудың ақыры бұдан ауыр жағдайларға соқтыруы ықтимал. Иран мен Ресей ХАМАС агрессиясын қолдайтындығына жұрттың бәрінің көзі жетті. АҚШ президенті талайдан бері Израиль билігіне суық қараумен келді. Бірақ оның қолдаймын деп мәлімдеуі қолын мезгілінен кеш сермеуі болып табылады.

Тізгіндеп ұстау формуласы міндетті түрде өзгеруге тиіс!

7 қазаандағы зұлмат әлбетте барлау қызметінің бейқамдығының нәтижесі болып табылады. Бұдан бөлек тізгіндеп ұстау әлеуетінің белсіздігін де танытады. Израиль үкіметі лаңкестерді тізгіндеп, айтқанымен жүргізудің жаңа жолын іздестіріп табуға тиіс. Артында Ресей мен Иран сияқты қос қаған қолтығына су бүріп отырған ХАМАС лаңкестері өз беттерімен әрекет етіп отырмағандығы да ескерілуі қажет.

ЦАХАЛ әлі күнге дейін Газадағы нысандарға байыптылықпен соққы жасауда. Бұның себебін кез келген уақытта еврей мемлекетін бір тістеп қалуға дайын БАҚ, сондай-ақ, халықаралық айыптаудан, БҰҰ резолюцияларынан тайсақтаушылықтан түсіндіруге болады. Сол себепті соққы жаппай емес, тек лаңкестер атқылау жасаған нүктелерге ғана бағытталып отыр.

7 қазандағы шабуыл дейін қалыптасқан ойын ережесіне өзгерістер енгізді. Израильдің ендігі жерде кері шегінер жері қалмады. Лаңкестерге қарсы ең қатігез әдістер қолданылуы керектін, бірақ еврейлер оны қолданудан бойларын бұған дейін аулақ салып келді. Лаңкестер қашанда бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланып келді. Ендігі жерде адам шығынына қарамай атқылаулар жасау Газа секторындағы өлім-жітімді көбейтеді.

Бұл қатігез тәсіл Израильдің бейбіт тұрғындарын қорғау үшін де керек. Сондықтан елдің саяси билігі бұрынғыдай бұғып қалмай, бұндай қатігез тәсілді бір мәрте емес, сан мәрте қолданатындығын ашық мәлімдеуге тиіс. Антиизраильдік барша қарсыласушылыққа батыс БАҚ қара қылды қақ жаруына, құқық қорғаушылардың көзге шұқушылықтарына қасқая қарсы тұрып, нағыз елжандылық қасиеттерін жарқырата көрсетуге тиіс.

Израиль қалыптастып отырған жағдайда, ешқашан өз әлсіздігін танытауы қажет. Істің мәнісі тек қана өз азаматтарына қорған болуы ғана емес, Мысыр, Иордания, БАӘ сынды аймақтағы көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігі де израильдің әскери әлеуетті күшіне байланысты. Тап осы себептен Сауд Арабиясы Израильмен қарым-қатынасын ретке келтіру үшін келіссөздерге кірісіп те кетті. Бәлкім осы келіссөздер Ресей мен Иранға өз итаршыларын (сателлиттерін) белсендіруге түрткі болды.

Мәскеу мен Тегеран Таяу Шығысты тұрақсыздық алаңына айналдырып, бітіп болмайтын соғысқа ұрындыруға тырысуда. Бұл арада оларға керегі еврейлер мен саудтықтар арасындағы бейбіт қарым-қатынас. Әлбетте, Израиль ХАМАС киліктірген соғыстағы Ресей мен Иранның рөлін ескеріп, ары қарайғы сыртқы саяси курсын соған сай бейімдей алуы қажет.

Украинаға баса-көктеп кіргеннен кейін Ресей батыстық демократияның қас жауына айналды. Иран мен оның сателлиттеріне (итаршыларына) қатысты Батыс тап осындай ұстанмыда. Егер батыс әлемі текетіресті қалмайтын болса, онда америкалық пен еуропалықтардың атқаруға тиіс міндетін мойына алып отырған Израильге қуатты көмек беруі керек-ақ.

Abai.kz

43 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338