Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3421 0 пікір 19 Тамыз, 2013 сағат 12:51

Әзіз НЕСИН. Әкім сайлау

Көзілдірікті: Кәне, бүкпей, бұқ­пай айтыңдаршы, қаланың қазіргі әкіміне қайсың ырзасың?
Мұртты: Түк те ырза емеспіз!
Көзілдірікті: Неге?
Мұртты: Өй, нағыз есуас, жары­мес­тің өзі екен!..
Көзілдірікті: Одан бұрынғысы да оңып тұрған жоқ еді...
Мұртты: Әй, осы орынға отыр­ған­дардың оңғанын көргем жоқ.
Көзілдірікті: Өзімізге де обал жоқ. Бұ­дан былай ең ақылды, ең есті, ең елеу­лі біреуді екшеп, елеп ал­масақ, ал­данғанымыз алдан­ған!
Мұртты: Өзімізден дейсің. Немене, бұрынғыларды Алланың өзі көк­тен түсіріп пе еді? Олар да ал­ғашқыда ең ақылды, ең есті, әлгі, не­мене еді... ең елеулі болатын. Ке­ле-келе құдайын танымай кет­кені болмаса...
Көзілдірікті: Жә, жарайды, өт­кен өтті, кеткен кетті. Енді кімді таң­дап, кім­ді қалаймыз, соны ай­та­йық та?!
Мұртты: Талқанбай ше?
Көзілдірікті: Ойбай, болмайды! Тал­­қанбай дегенше Талтаңбай де­сең­­ші оны. Ертең танауы таңқиып, аузымызды аңқитып кететін сол!
Мұртты: Қалқанбай ше?
Көзілдірікті: Ойбай, атай гөрме ол пә­лені. Күні ертең Қалтабай бо­лып шы­ға келмесіне кім кепіл?!
Мұртты: Онда, онда... айтпақ­шы, анау Шортанбай ше?

Көзілдірікті: Кәне, бүкпей, бұқ­пай айтыңдаршы, қаланың қазіргі әкіміне қайсың ырзасың?
Мұртты: Түк те ырза емеспіз!
Көзілдірікті: Неге?
Мұртты: Өй, нағыз есуас, жары­мес­тің өзі екен!..
Көзілдірікті: Одан бұрынғысы да оңып тұрған жоқ еді...
Мұртты: Әй, осы орынға отыр­ған­дардың оңғанын көргем жоқ.
Көзілдірікті: Өзімізге де обал жоқ. Бұ­дан былай ең ақылды, ең есті, ең елеу­лі біреуді екшеп, елеп ал­масақ, ал­данғанымыз алдан­ған!
Мұртты: Өзімізден дейсің. Немене, бұрынғыларды Алланың өзі көк­тен түсіріп пе еді? Олар да ал­ғашқыда ең ақылды, ең есті, әлгі, не­мене еді... ең елеулі болатын. Ке­ле-келе құдайын танымай кет­кені болмаса...
Көзілдірікті: Жә, жарайды, өт­кен өтті, кеткен кетті. Енді кімді таң­дап, кім­ді қалаймыз, соны ай­та­йық та?!
Мұртты: Талқанбай ше?
Көзілдірікті: Ойбай, болмайды! Тал­­қанбай дегенше Талтаңбай де­сең­­ші оны. Ертең танауы таңқиып, аузымызды аңқитып кететін сол!
Мұртты: Қалқанбай ше?
Көзілдірікті: Ойбай, атай гөрме ол пә­лені. Күні ертең Қалтабай бо­лып шы­ға келмесіне кім кепіл?!
Мұртты: Онда, онда... айтпақ­шы, анау Шортанбай ше?
Көзілдірікті: Апырай, саған адам жақ­пайтын болды ғой! Ой­да­ғыны да, қыр­дағыны да айтып та­уыстым, енді кім қалды? Әп-бә­ре­келді, таптым-тап­тым! Қалай бұ­рын есіме түспеген де­сеңші?! Ма­сылбай! Масылбай! Иә, иә, дәл соның өзі! Кәне, бұған не дей­сің?!
Мұртты: Әй, қайдам, аты анау бол­­ған­да, затын кім білсін?!
Көзілдірікті: Түһ, сен де бір!.. Атын­­да нең бар-ай? Өзіңнің атың оңып тұрғандай!
Мұртты: Е, мен әкімдікке ат жа­­рыс­тырып, бақ таластырып тұр­ғам жоқ қой әлгілердей?..
Көзілдірікті: Әй, болды. Көп сөз­ді қояйық та сол Масылбайға тоқтайық. Өзі бір тойған қозыдай моп-момын, тап-таза адам. Сойған түл­кідей зымияндардан құдай сақ­тасын.
Мұртты: Әй, дұрыс айтасың, ана... бұрынғыларға қарағанда мы­на Масылбайымыз бірқос тәуір. Тә­уір ғана емес – адал, білгір, сыпайы, жомарт.
Көзілдірікті: Е, бәсе, саған да адам жағады екен-ау! Бірақ, сол Ма­­­сылбайдың өзі бұған не дер екен? Ке­ліспей кергіп жүрмесе.
Мұртты: Одан өзге адамның ауыз­ға түспей тұрғаны. Не де болса көн­діру керек!
Көзілдірікті: Иә, көндіру керек! Көн­діру керек!

***

(Екеуі бәтуаласып, Масылбай­дың алдына барады).
Көзілдірікті: Масеке, ақылда­сып, мақұлдаса келе Сізді ел-жұрт болып қа­ланың әкімдігіне сайлауға ұй­ғар­дық. Халқыңыз бір ауыз рұх­са­­тыңызды алу­ға мына біз – екеу­міз­ді жіберді.
Масылбай: Астапыралла, ой­бай-ау, не деп отырсыңдар?! Неме­не, келемеж еткілерің келе ме?
Мұртты: Ойбай-ау, Масеке, анау шемішке шенеуніктерден сіз­дің қай жеріңіз кем?! Он екі мүше­ңіз сап-сау әрі түп-түгел!
Масылбай: Он екі мүшесі несі, әкі­мі несі? Екеуінің бір-біріне қан­дай қатысы бар? Айттым ғой, сендер мені не орға, не көрге итергелі келіп отырсыңдар...
Көзілдірікті: О не дегеніңіз, Ма­секе-ау! Сізден артық осы ма­ңай­да кім бар? Сіз ақылдысыз, Сіз білгірсіз, Сіз ілгірсіз. Сіз...
Масылбай: Жо, жоқ... айта көр­меңдер! «Тек жүрсең – тоқ жү­рер­сің» деген. Әсіресе, мына заманда...
Мұртты: Жә, Масеке, ел ал­дын­­дағы парыз-қарызды ұмыт­па­ңыз! Халық қалап отырса, қайда барасыз? Әрі-беріден соң бұл мемле­кет­тік маңызы бар мәселе. Білдіңіз бе?! Бізді халық жіберіп отыр, ой­ла­ныңыз!?
Масылбай (ойланып): Ойпырмай, болмадыңдар-ау, тіпті... Қайт­сем екен, ә? Жарайды, көне­йін. Бірақ, бір шартым бар.
Көзілдірікті, Мұртты (қосар­л­а­нып): Айтыңыз, бөгелмеңіз?
Масылбай: Айтсам, шартым мы­нау: жандайшап-жарамсақ­тар­ды ит етінен жек көрем. Бұл – бір. Менің атымды аспанға шығарып ма­дақтау деген болмасын. Бұл – екі. Маған бола жайылған ағыл-тегіл дастарханның да керегі жоқ. Бұл – үш. Осы үш шартты орындаймыз десеңдер ғана әкім болуға келісім беремін. Әйтпесе...
Көзілдірікті: Әміріңізге құлдық, Масеке, бәрін де орындаймыз!
Мұртты: Әй, аз-заматым-ай! Жі­­гіт­тің сұлтаны, жылқының тұлпа­ры осындай-ақ болсын да!
Көзілдірікті: Жаса, жаса! Масылбай біздің осындай!

***

(Сонымен не керек, сайлауда Масылбай жеңіп, қала әкімі болады).
Масылбай (кеңсесінде): Айттым ғой, көпірме құттықтаулар мен лепірме лебіздер көбейеді деп. Кәне, не деп сайрайды екен менің халқым:
«Аса құрметті Масылбай! Сен халқымыздың ең елеулі де қалаулы перзентісің. Әкімдігің әкеден ба­лаға, баладан немереге, немереден шөбереге, одан әрі шөпшек­ке... жалғассын! Абыройың алға ас­сын! Әумин!».
Масылбай: Дуалы ауыз ақса­қал­дарымыздың бірі болды ғой. На­ғыз тісқаққан әрі іштартқан жа­қ­ыным екені көрініп тұр... Ал мынаусы не дейді екен:
«Қадірлі Масылбай Мадақбай­ұлы! Қаламызда Сізден асқан кім бар?! Өз орныңызды енді таптыңыз, ең кемінде он жыл отырыңыз! Өзі­ңіздің Пәленше Түгенше ініңіз».
Масылбай: Әй, жылпос неме, әй, жылтыр неме! Қалай-қалай сіл­тейді-ай? Өзіңіздің...
(Есік қағылады).
Көзілдірікті: Масылбай, жо-жоқ кешіріңіз, Масеке, құттықтап, бы­лай, қолыңызды қысайын деп...
Масылбай: Ойбой-ау, немене­сіне әуре болдыңыз?..
Мұртты (ол да сығалай кіріп): Айт­қанымыз келді, дегеніміз болды, Масеке. Құдай оңдап, біз қол­дап дегендей...
Масылбай: Рахмет, рахмет сіз­дерге. Жә, жарайды, біреу-міреу...
Көзілдірікті, Мұртты (қосар­ла­нып): Айтпақшы, Масеке, Сізге хал­қы­ңыз жіберіп еді екеумізді. Бы­лай, әкім болуыңыздың рәсімін өт­кізейік деп... дастархан басында...
Масылбай (қабағын түйіп): Ке­шегі шартым...
Көзілдірікті: Амал жоқ, Масеке, халқыңыз солай ұйғарып отырса не істейік енді.
Мұртты: Жамағаттың өзі қалап жатқан соң солай болады-дағы.
Масылбай: Апырай, ә, бармас­қа амал жоқ десеңдерші?!
Көзілдірікті: Солай, солай. Бү­гін де, ертең де сол халықпен жұ­мы­сыңыз жүреді ғой, Масекем...
Мұртты: Халқыңыздың басында да, қасында да бола бергеніңіз жөн ғой, Масекем...

***

(Арада жарты жыл өтеді).
Көзілдірікті: Әкім асқынып кет­ті. Құдайын ұмытты!
Мұртты: Әкімдікке сайлаймыз деп басымызға бәле сатып алған өзіміз емес пе?
Көзілдірікті: Сұмдық! Масыл­бай­дың озбырлығы бұрынғылардан он есе асып түсті!
Мұртты: Менменсуін қайтерсің! Ас­панды жалғыз өзі тіреп тұрған­дай! Өй, шірік неме!
Көзілдірікті: Бәрінен де өзің­дікі­нің өзекке тепкені жаман екен. Ке­шегі шөмиген шөженің бүгін қо­қиған қораз болып шыға келгенін қай­терсің?!
Мұртты: Ойбай-ау, біз... мына біз емес пе едік оны әкімдікке сай­лаған, елдің аузын байлаған, ә?! Енді келіп...
Көзілдірікті: Әй, өзімізге де обал жоқ, басқа адам құрып қал­ған­дай...
Мұртты: Осы сен «Масылбай, Ма­сылбай» деп болмаған. Сол не­менің атынан-ақ түңіліп едім о
баста!
Көзілдірікті: Жә, енді не істей­міз, соны айтсаңшы? Кезектегі сайлауға дейін мына немеден қа­лай құтыламыз? Осындайда сенің бір тауып кететінің болушы еді ғой?
Мұртты: Ойбай-ау, ол дегенің оп-оңай-ақ емес пе?! Оның орны – анау анау... жындыхана! Жатсын соған барып! Бәрінен де жұрағатты былай қойып, үй-жайын мұрағатқа айналдырып алғанын көрмейсің бе, малғұнның!..
Көзілдірікті: Анау қала алаңы­ның қақ ортасына өз ескерткішін орнатам деп жүрген көрінеді ғой ол сабазың?..
Мұртты: «Тауықтың түсіне тары кі­реді» деген. Ой, шікін-ай!..
Көзілдірікті: Нақұрыс болмаса, өсте ме?
Мұртты: Нақұрыс дейік, нәкәс дейік, одан қайтіп құтыламыз енді? Соны айтсаңшы?
Көзілдірікті: Әлгі, өзің айтқан... жындыханаға бір-ақ тықпаймыз ба?
Мұртты: Қалай? Қалайша, Қай­тіп?
Көзілдірікті: Е, ол дегеніңіздің осы заманда нешеме түрі бар емес пе?! Менің бір мықты дәрігер досым бар...
Мұртты: Бұл жолы абайла­ма­сақ бол­майды. Тағы да опық жеп қа­лар­мыз. Өткен-кеткенге түфәй күй­сін! Осы жолы қателеспейікші, жа­рай ма?
Көзілдірікті: Дұрыс! Бопты! Қай­дағы біреуді сайлағанша, былай өзіміздің адамды...
Мұртты: Иә, өзіміздің адамды... Кеттік, ендеше!
Көзілдірікті: Кеттік!..
Аударған Исраил САПАРБАЙ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297