Израильдегі Қазақ азаматтары аман ба? ҚР СІМ не дейді?
Израильдегі жағдай бүкіл елімізді алаңдатып отырғаны жасырын емес. Тіпті, кеше ғана «бір қазақстандық жоғалып кетті» деген ақпарат тараған болатын.
Осы мәселе қазақ БАҚ-тарын толғандырды. Өзіне қойылған осы сауалға қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров: «Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды. Әрі Израиль билігі тізімде қате кеткені үшін кешірім сұрады», - деп мәлімдеді.
Айбек Смадияровтың айтуынша қақтығыс ошағында зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.
Қазақ билігі қам қылып, Израиль жерінде жүрген қазақстандықтар арнайы әуе рейсімен елге жеткізетінін ашып айтты. Соған байланысты дәл қазір Израильде жүрген 118 қазақстандық елге қайтуға ниет білдіріп отыр.
Ресми емес дерек көздері бұл елдегі жерлестеріміздің саны 400-ден астам болуы мүмкін дейді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әзірге зардап шеккен не тұтқынға алынған қазақстандықтар жайлы ақпарат жоқ екенін жұртқа жеткізді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров:
«Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланысты және олармен өзара жеде іс-қимыл жасау мақсатында арнайы мессенджерде чат құрды. Қазіргі уақытта оған Израильде тұрақты және уақытша тұратын 200-ге жуық Қазақстан Республикасының азаматы қосылған. Бұл чатта біздің отандастарымыз өздерінің орналасқан жері туралы хабарлап, дипломаттармен тікелей байланыс орнатты.
Айта кетейік, Израильдегі қазақстандықтарды алып қайту үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы 10 қазанда репатрияциялық рейс ұйымдастырады. Рейс Алматы–Тель-Авив–Алматы бағыты бойынша ұшпақ. Алматы қаласынан ұшу сағат 08:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған. Рейске қатысты сауалдарды help.airastana.com қолдау орталығына, не экранда көрсетілген номерлерге хабарласып білуге болады», - деп мәлімдеді.
Abai.kz