Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
1718 0 пікір 19 Қазан, 2023 сағат 14:47

Қырғыз бен тәжік шекарасының 14 шақырымы келісілді

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының тағы 13,98 шақырымы келісілді.

Бұл шешім 12-18 қазан күндері Тәжікстанның Бустон қаласында екі елдің шекараны бекіту комиссиясының жұмысы кезінде қабылданған.

Бұл кездесуде тараптар шекараның жалпы 43,32 шақырымы мақұлданғанын жеткізген.

Екі ел арасындағы шекараның жалпы қашықтығы 970-980 шақырымды құрайды. Шекараны бекіту жұмысы 2002 жылы басталып, 2020 жылға дейін 519 шақырымы бойынша толық келісімге келген. Былтыр екі ел президенті 664 шақырым бойынша ортақ пікір бар екенін мәлімдеген.

Қалған даулы жер шекара маңында тұратын екі ел тұрғындары арасындағы жиі шығатын жанжалға себепші болып тұр.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1284
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2834
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 937
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 879