Байбарыс сұлтан қанша дирхамға сатылған еді?
Сіз Байбарыс сұлтанның небәрі 12 күміс дирһем 1 алтын динарға сатылғанын білесіз бе?
1237-1239 жылдары Бату ханның қосындары Каспий маңындағы қыпшақтарды шауып, тұтқынға түскен 14 жасар Байбарыс Қырымнан қара теңіз арқылы Румға одан Шам, Мысырға Түркия жеріндегі Сиуас құл базарынан сатылып кете барады. Бұл деректі тарихшы ибн Шаддад Байбарыстың жерлесі әрі емшектес бауыры Байсарының аузынан жазып алған.
Ал енді мына қызықты қараңыз болашақ сұлтан Қалауын құлдықтан 1000 алтын динарға сатылып алынған екен.
Сол кезде 12 дирхам 1 алтын динарға сатылып алынған Байбарыс кейін дін мен Мекке Мәдинаның қорғаушысы, Мысыр, Шам, Хиджаз, Сирия, Иордания, Ливань, Палестина жерінің сұлтаны.
200 жылға созылған Крес жорығына нүкте қоюшы, Құлағу қосындарының арынын біржола басқан қолбасшы.
Алтын Орданың ханы Берке бауырымен әлемге әділет орнататынын, Мысырдағы пирамиданың ең үстіне киіз үйді тігіп қойып, қымыз ішіп отыратынын құлдыққа сатылып бара жатқан 14 жасар бала білмеді ғой.
Нұрлан Жұмақанов
Abai.kz