Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2815 0 пікір 25 Қазан, 2023 сағат 14:28

Ұлтараздық тудырған қарағандылық 2 айға қамалды

metal prison bars with handcuffs on black background

24 қазанда Қарағанды соты 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұлтараздық туғызды деген күдікпен екі айға қамау туралы шешім шығарды.

14 қазанда полиция желіде "Қазақстанда орыстарды өлтіру керек, мұсылмандықты қабылдамағандарды адам деп есептемейтінін айтқан" видео иесін ұстағанын мәлімдеген.

Күдіктінің аты-жөні айтылмайды. Бірақ Kozachkov offside telegram-каналының мәліметінше, күдікті Павлодар облысының тумасы Мейірбек Мукин деген адам. Ол осыған дейін қарақшылық үшін сотты болған.

Биыл Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 174-бабына онлайн-платформаны пайдаланып араздық туғызатын мәлімдеме үшін жауапкершілік енгізген. 10 қыркүйектен бастап заң күшіне енген.

Осыған дейін халықаралық ұйымдар 174-бапты түсініксіз, мұны әртүрлі пиғылда пайдалануға болады деп сынап келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669