Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Аласапыран 2877 4 пікір 25 Қазан, 2023 сағат 15:04

Израиль-ХАМАС соғысы: БҰҰ кімді қолдайды?

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында БҰҰ Бас хатшысы Антунио Гутерриш ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылы кездейсоқ жасалмағанын, Палестина халқының 56 жыл бойы оккупацияда болғанын айтты. Ол, Палестина халқының наразылығы Хамастың жан түршігерлік шабуылдарын ақтай алмайтынын айтты. Гутерриш сонымен қатар Халықаралық гуманитарлық құқықты, соның ішінде Женева конвенцияларын сақтауға шақырды.

Осыдан кейін Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездеспейтінін және ХАМАС шабуылынан кейін аймақта «теңдестірілген көзқарасқа орын жоқ» деп санайтынын мәлімдеді.

Израильдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Гилад Ердан ұйымның Бас хатшысы Антонио Гутерришті Хамастың Израильге шабуылы «вакуумнен тыс» деп мәлімдегеннен кейін терроризмді ақтады деп айыптады.

«Бас хатшы мырза, сіз барлық адамгершілік пен бейтараптықты жоғалттыңыз. Бұл жан түршігерлік шабуылдар вакуумда болған жоқ деген қорқынышты сөздерді айтқанда сіз терроризмді құптадыңыз және осы арқылы терроризмді ақтағыңыз келді», – деді Ердан.

Оның айтуынша, Израиль үкіметі БҰҰ-мен және оның «Израильде орналасқан» өкілдерімен қарым-қатынасын бағалауға мәжбүр болады.

Ол, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі парақшасына: «Балаларды, әйелдер мен қарттарды жаппай өлтіру науқанына түсіністікпен қарайтын БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ басшылығына лайық емес. Мен оны дереу отставкаға кетуге шақырамын», - деп жазды.

7-қазан күні таңертең Палестиналық Хамас қозғалысының әскери қанаты жариялаған «Әл-Ақса тасқыны» операциясы аясында Израиль Газа секторынан бұрын-соңды болмаған ауқымды шабуылға ұшырады. Осыдан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға еніп кетті. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде израильдік әскерилер Газамен шекараға жақын орналасқан барлық елді мекендерді бақылауға алып, жолақтағы нысандарға, соның ішінде бейбіт тұрғындарға әуеден соққы бере бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторын толық қоршағанын жариялады: су, азық-түлік, электр қуаты, дәрі-дәрмек және отын жеткізу тоқтатылды.

Газа секторындағы құрбандар саны 5 мыңнан асты, 15 мыңнан астамы жараланған. Израильде, жергілікті биліктің мәліметі бойынша, 1,3 мыңнан астам адам қайтыс болды. Түрлі ақпарат көздеріне сәйкес, 150-ге жуық израильдік Хамастың тұтқынында болуы мүмкін. Газа секторының өзінде 200-250-дей тұтқын бар екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Reuters агенттігі Ливанның «Әл-Манар» телеарнасының сюжетіне сілтеме жасап, Ливандық «Хезболла» тобының жетекшісі Хасан Насралланың Бейрутта палестиналық ХАМАС және Исламдық жиһад топтарының жетекшілерімен кездескенін хабарлады.

«Хезболла» жетекшісінен басқа келіссөздерге басшының орынбасары Хамас Салех Әл-Аури және «Ислам жиһадының» жетекшісі Зиад ан-Нахала қатысты. Кездесуде Газа секторында «қарсылықтың нақты жеңіске жетуі үшін» не істеу керектігі талқыланды.

«Кездесуде […] халықаралық деңгейдегі ұстанымдар мен қарсылас тарап не істеу керектігі туралы баға берілді»,  – деді әл-Манар.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1254
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2965
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3425