Сенбі, 30 Қараша 2024
1208 4 пікір 31 Қазан, 2023 сағат 14:06

АрселорМитталдың атауы өзгереді

Қазақстан АрселорМиттал компаниясы келісімді тоқтату бойынша заң жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті.

«Үкімет АрселорМиттал компаниясымен келіссөз жүргізуді біраз уақыт бұрын бастаған. Біз құжаттарға алдын ала (22 қазан) қол қойдық. АрселорМиттал өз тарапынан қол қою шахтадағы қайғылы оқиғаға дейін болғанын растады. Сондықтан мәміле аяқ астынан жасалды деу - қате. Бұған дейін Үкімет АрселорМиттал компаниясымен біраз жұмыс жүргізді», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Қазір АрселорМиттал акционерлерінің құрамынан шыққаннан кейін Қазақстанды одан әрі сот талқылауларынан қорғау үшін егжей-тегжейлі заң жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - дейді ол. - Компанияның атауы өзгереді. Бірақ бұл жағдай бойынша шешім әлі қабылданбады. АрселорМитталдың қазақстандық кәсіпорын акционерлерінің құрамынан шыққаннан кейі атауын өзгертуге құқығымыз жоқ. Шынымды айтсам, біз әлі қараған жоқпыз», - дейді Қ. Шарлапаев.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1609
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3446
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6870