Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
1885 1 пікір 31 Қазан, 2023 сағат 17:28

Қырғызстанда казиноға барғандарды 5 жылға соттамақ

Казиноға барған Қырғызстан азаматтарын бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр. Бұл туралы парламенттің бюджет, экономикалық және фискалдық саясат комитетінің отырысында депутат Марлен Маматалиев мәлім етті, деп хабарлайды  24.kg басылымы.

Оның айтуынша, жақын арада тиісті заң жобасы Жогорку Кенешке жіберіледі.

«Казино, букмекерлік кеңселер енді бір жерде жұмыс істейтін болады. Бұл мекемеге Қырғызстан азаматы барса, лицензиясынан айырылады. Екіншіден, сарапшылар тобында азаматтарға айыппұл салып қана қоймай, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру керек деген ұсыныс айтылды. Бұл жағдайда Қырғыз Республикасының бір де бір азаматы казиноға бармайды деп ойлаймын», - деді халық қалаулысы.

Естеріңізге сала кетейік, «Қырғыз Республикасындағы ойын қызметі туралы» заңға сәйкес 21 жасқа толмаған Қырғызстан азаматтары, шетелдіктер немесе мүмкіндігі шектеулі азаматтар ойын мекемесінің клиенті бола алмайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1712
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4473
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3469