Фашизм қайта бас көтерді ме?!
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс нацистерінің геноцидтіне ұшыраған еврей халқының мүшкіл тағдыры әлем елдерінің аяушылығын тудырды. Сөйтіп бұдан 75 жыл бұрын, атап айтқанда, 1948-жылы 14-мамырда Палестина жерінде Израиль мемлекет құрылды.
Еврейлердің 2000 жылдан асқан босқын өмірі аяқталды. Сол кездегі Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен жан саны небәрі 30 пайызын құраса да, Палестина жерінің 60 пайызына ие болды. Маңайындағы Араб елдері, әрине, ол шешімді мойындаған жоқ. Сол себепті де Араб мемлекеттерімен Израильдің әскери қақтығысы толастаған емес. Ең зорын қазанның жетісі күні ХАМАС жасады.
«Ұшқан құс та өте алмайды» деген Израиль территориясына баса-көктеп кіріп, 1400 Израиль азаматын өлтіріп, 200-ден астамын барымталады. Изральдің өз аумағында болған бұл қанды оқиға әлемдегі еврейлерді түршіктіріп, өз іштерінде немістерден кейінгі «екінші геноцид» деп атап, 70 пайыздан астамы оған Иран мен Хезболланы ғана бақылауға алып, «ХАМАС-тан қауіп жоқ» деп арқасын кеңге салған Биньямин Нетаньяхуды айыптауда екен.
Соңғы мәлімет бойынша, Израиль тарабының ХАМАС-тан кек алу операциясынан қаза болған Палестина бейбіт тұрғындарының саны 9500 адамнан асқан. Әр 10 минут сайын бір бала қаза тауып жатыр. Газадағы мешіт, аурухана, мектеп, босқындар тұрағы, жедел жәрдем көлігі, журналистер көзі қанталаған еврей әскерлерінің нысанасына айналған. Бүкіл қала қиранды мен өліктерге толған. Бұл қанды факт бейбіт сүйгіш әлем халықтарының наразылығын тудыруда. Израиль зардап шегушіден басқыншыға айналуда. Соның салдарынына дүние көлемінде еврейлерге деген жеккөру сезімі қайта өршіген.
«Нью-Йорк Таймс» газетінің мәліметінше, Англияда соңғы кезде еврейлерге қарсы 805, Францияда 819, Германияда 202 шабуыл әрекеті тіркелген. Көп алдында сөйлеген неміс канцлері Олаф Шольц: « Еврейлер бүгінде басқа жерде емес, біздің жерімізде қорқынышпен өмір сүруде. Бұған жол беруге болмайды. Біздің тарихи қателікті қайталауға жол бермейтінімізді көрсететін уақыт келді», - деген.
Дүниежүзілік екінші соғыс кезінде АҚШ-тың бас сауғалаған еврейлердің жұмағына айналғаны белгілі. Бүгінде олардың ұрпақтары Америкадағы жілікті салаларға иелік етіп отыр. Олардың Ақ үйге қысым жасап, Израильге әскери жақтан көмек көрсетуге мәжбүрлеуі өзге америкалықтардың наразылығын тудырған. Американың жоғары оқу орындарында еврейлерге қарсы әрекет кеңінен етек алған.
Сенбі күні Байденнің Израиль-ХАМАС соғысына ұстанған саясатына қарсы ереуілшілер, боқтық сөздер айтып, Ақ үйге басып кірмек болған. АҚШ сенаты қазір Американың «11-қыркүйек оқиғасынан» бергі ең қауіпті шақта тұрғанын айтып, дабыл қақты.
Күні кеше 60 жастан асқан ел тұрғынының Америкадағы ең үлкен Атом электр станциясына машинасымен баса көктеп кіріп, жарып жібермек болғаны мәлім болды. АҚШ-тағы 3 жарым миллионнан астам мұсылмандардың бірлескен ұйымы Байденге: «Келесі жылғы сайлауда саған бірде-бір дауыс жоқ», - деп мәлімдеді.
Палестина жұртының өмірін шыбын құрлы көрмеген Израиль билігінің қанды жоспарынан кейін әлем жұртының, саясаттың ауаны Палестина жағына ауды. БҰҰ басшылығы Израильді «Соғыс қылмысын өткізді, Газа жұртына геноцид жасады» деп айыптауда.
Қазір әлем жұрты кезінде неміс фашистерінің қолынан мерт болған еврей балаларымен бүгінде Израиль әскерінің өлермен шабуылынан өлген күнәсіз Палестина балаларының суретін қатар қоюда.
Есбол Үсенұлы
Abai.kz