Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6168 0 пікір 13 Қыркүйек, 2013 сағат 06:03

Сәлімбай Қыржы. Қабанбай батыр қай жерде туған?

Қазақ жерінде болып жатқан уақиғалардан қытай елінде тұрып жатқан қазақтар айырым қала алмайды. Ғалатордан қадағалап отырамыз. Қуанышымыз бен қынжылысымыз бірге. Газеттерді ғаламтордан қол жете қалған кезде оқып қаламыз. Қызықтыларын дереу көшіріп, ел аралатып жібереміз. Мұншалықты ықылас туғызған мақалалардың бірі  - Камал Әбдірахман, Қабдеш Жұмаділов, Болат Нәсенов деген жазушы, тарихшылар арасындағы Қаракерей Қабанбай батырдың туған және жерленген жеріне байланысты тайталас болды. Пікірлер екіұдай болған соң бізде қосылып, «Жас Алашқа білгенімізді жолдап едік, алты ай көлемінде баспай жатыр. Сонан кейін Сіздерге салуды жөн дедік. Місе тұтсаңыздар басарсыздар.

Қазақ жерінде болып жатқан уақиғалардан қытай елінде тұрып жатқан қазақтар айырым қала алмайды. Ғалатордан қадағалап отырамыз. Қуанышымыз бен қынжылысымыз бірге. Газеттерді ғаламтордан қол жете қалған кезде оқып қаламыз. Қызықтыларын дереу көшіріп, ел аралатып жібереміз. Мұншалықты ықылас туғызған мақалалардың бірі  - Камал Әбдірахман, Қабдеш Жұмаділов, Болат Нәсенов деген жазушы, тарихшылар арасындағы Қаракерей Қабанбай батырдың туған және жерленген жеріне байланысты тайталас болды. Пікірлер екіұдай болған соң бізде қосылып, «Жас Алашқа білгенімізді жолдап едік, алты ай көлемінде баспай жатыр. Сонан кейін Сіздерге салуды жөн дедік. Місе тұтсаңыздар басарсыздар.

Қабдеш Жұмаділов Қабанбай батырдың туған және өлген жері -  Тарбағатай сілемдері дегенді нығыздап айтып жүр. Камал Әбдірахман өз жорамалын ұсынады. Арқада дейді. Қытайда туып- өскен, бізге ет таныс Қабдеш Жұмаділовтың пікірі туралы айтайық. Біздің қолымызда бар қытай деректері бұл жазушыны қолдамайды. Тарихқа келуі де, кетуі де тез өткен қайсар жоңғар мемлекеті өз тұсында қазақ, қырғыз, ұйғыр сияқты халықтарға талай зауал салды. Қырғыз бен ұйғырдың қалаған жерін оп-оңай бауырына басты. Қазақты да талай жерінен ысырып тастады. Мысалы, 1619 жылғы қытай сопылары әкелген жазбаларда бүгінгі Семей жеріне жетіп алған қалмақтардың жеті пұтқана салғаны, онда қалмақ сопылары мол екені анық жазылған. Ал 1667 жылғы жазбада қалмақтардың өзара қырқысынан сол пұтқаналардың саны азайғаны айтылыпты. Дәл осы кездерден 18 ғасырдың басына дейін қалмақтар қазақтардан өте көп жерлерді тартып алады. Қалмақ қазіргі Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысына, Тарбағатай мен Барлық тауларына, Ертістің басы мен орта тұсына, Еренқабырғаға (Тиянь-Чан), Терістік және Іле Алатауларына, Іле жазығына орналасып, қазақтарды ығыстырады. 1670 жылдары Аягөзге дейін жетеді. Қабдеш Жұмаділовтің қаталығы осында. Қабанбай батыр түгілі оның аталары да бұл маңда туылғаны тарих дәлелдерден алшақ жатыр. Батыр баба бұл жақта туған жоқ, Қабанбай батыр туғанда Тарбағатайды қазақтан тартып алып, қалмақ жайлап жатқан. Өткен жылы Қабанбай батырдың арғы атасы Мәмбет шежіресі шықты. Сондағы мәслихат шайда бар мәмбеттер бір кісідей Қабанбайдың әкесі Қожақұл, оның әкесі Мәмбет, оның әкесі Байжігіт Сарыарқада туған деп қол қойды. Бұған дәлел Қабанбай батырдың кіндік ұрпағы, төбе би Сүлейменнің айтуымен найман түселінде жырланған Кәрібай ақынның «Мұрын- Байжігіт» қиссасы. Осында Байжігіттің үйленген жері жөнінде:

            «...Жайлауы Дәулеткерей Есіл, Нұра,

            Құдалық бұрынғыдан қалған мұра...»

дейді. Әнекей, Қабанбай батырдың, оның ата- бабаларының туған, өскен өңірі - Есіл мен Нұра.

Қытай тарихы 1757 жылы  Пу Де қолбасшының жасағы Қабанбай батыр жасағымен бірнеше рет қақтығысып, екі жақтан шығын болғанын, қытай жағы өлген 300 қазақтың сол жақ құлақтарын кесіп алып, Орталыққа жібергенін жазады. Жазбаларда Қабанбай батыр қытай шерігіне соққы үстіне соққы бере отырып, өз аламандарын екіге бөледі, бірі Семейге қарай, екіншісі Қарқаралы тауларына қарай дала соғысының амал-айласымен жылжыпты. Осы қақтығыс туралы деректерде, алдында қазақтардан қалмақ, кейіннен қалмақтардан қытай басып алған Аягөз жерінен ары қарай Қарқаралыға дейінгі дала бос жатқаны, ел жоқтығынан қытай әскері азықтан таршылық көргені айтылады. Қытай жияңжүңі оныншы айда амалы таусылса керек, кейін қайтыпты. Ал Қабдеш Жұмаділов 1748 жылы Қабанбай батыр шығысқа ілгерілеп кетті деп «Дарабоз» романында жазады. 1757 жылы қытай әскері жеткен жер - бір басы Семей маңы, екінші басы Қарқаралы болса, осы жерлерде қазақ отырмаса, Қабанбай елі бұл жақта қалай отырсын? Найман ол кезде Арқадан әлі көтерілмеген. Қабдеш Жұмаділовтікі қате дерек.

1988 жылы қытай Үкіметінің қолдауымен Үрімжі қаласында Зейнолла мен Бейсенғали бірігіп «Қаракерей Қабанбай» деген кітап шығарды. Сол кітапта үлкен қата жүрді. Екі жазушы қаталасып, 1758 жылы Қаракерей Қабанбай батыр Үрімжіге жылқы айдап барып, жылқы саудасын ашып берді деген жалған дерек келтірген болатын. Осы қатаны Қабдеш Жұмаділов тіпті өрескелдендіріп, мұны Қабанбай батыр 1748 жылдан бастап, өлгеніне дейін Тарбағатайда отырды дегенге мысалға тартыпты. Шындығы бұлай емес. Бейжіңде 1991 жылы Орталық Үкімет басқызған «Мәңчиң патшалығы кезіндегі батыс-солтүстік ұлттарының сауда тарихы» деген кітапта «Үрімжі қазақ саудасы» деген тақырып бар. Онда 1758 жылғы сауда жағдаяты туралы былай жазылады: (қысқарттық) «9 айдың 17-сі күні Үрімжіге қазақ сауда керуені жетті. Нусан мен Иуңды патшамызға мына жағдаятты мәлім етеді. Бас батыр Қабанбайдың баласы Едіге мен інісі Туметай 57 қазақты бастап Үрімжіге келді. Олар 380 жылқы әкелді... Жылқыны аса жақсы көретін Едіге жылқының бағасын көтеруді талаптады. Едіге мен Туметайдан білгеніміз, қазақ саудагерлері алдында екі рет жолға шығып, Үрімжінің қай жақта екенін таба алмай қайтып кетіпті. Едіге Үрімжіге суыт жүріп, 30 күнде жеткенін айтты». Шындық осындай. Қабанбай батыр 1757 жылғы Пу Демен қақтығыстың салдарынан күдіктеніп, Үрімжіге өзі келмеген. Саудаға ыңғайлы ұлы Едігені жіберген. Аңдаңызшы, Едіге суыт 30 күн жүріпті. Жылқы малы жалды, қоңды болса күніне 80 шақырым желе, аяңдайды. Сонда Едіге  кемі 2000 шақырым жерден шыққан ғой. Ал Үрімжі Тарбағатайдан төте тартса 400 шақырым. Едігелер төбесін көріп отырса, қытайдан адасып не көрініпті? Негізінде Қабдеш Жұмаділовтің Қабанбай батыр Үрімжіге барды дегені Қабанбай батырдың Тарбағатайда өлгеніне тиянақ бола алмайды. Зейнолла өзінің қата ақпар жазғанын қазір мойындап жүр. Адам қателеспей тұра ма? Ал Қабдеш Жұмаділов осы қатені малданам деп ұрынып отыр. Бірақ мойындауға дәрмені жетер ме екен? Мойындаса романындағы уақиғасын Зейнолла ағасынан көшіріп алғаны, өтірікке құрылған болып шығады. Бірақ шындыққа бас ұруы тиіс қой.

Тарихшы Болат Нәсеновте Қабанбай батыр 1760 жылдары шығысқа өтіп кеткен деген қате пікірде екен. Шындығы мынадай. 1757 жылғы  Қабанбай батырмен болған соғыс көшпенді елмен айқасудың ерекше екенін, оған қытай жағы дайын емес екенін көрсетті.  Қабанбай қолы Семейге жетпей қытай жағы кісі салады. Қабанбай орыстан көмек сұрай ма деп сескенсе керек. От қарулы орыстар қазаққа қол созса, соғыс аяғы немен бітетінін бір Құдай ғана біледі. Сонымен, 1758 жылы Аякөздің бойында қытай мен қазақ соғыспауға, екі жаққа тиімді келісімге отыру үшін ымыраласады. Екі жақ ойланып, талаптарын қойып 1762 жылға дейін елші жіберісіп, осы жылы уақытша келісімдерге келеді. Соның қорытындысында қытай Іленің орта тұсына, Алакөлдің сол тұстық жағасына тұрақ салып, жияңжүндерін жібереді. Қабдеш Жұмаділов пен Болат Нәсенов өздері де қателесіп, елді де қателестіріп, Қабанбай батыр көшіп келді деп қисынсыз жазып жүр. Алакөлдегі қытай бастық 1810 жылға дейін Алакөлді жайлап, Балқашқа дейінгі жерлерді көздеп отырады. Осы жылға дейін Аякөздің оң тұстығына,  Алакөлге қарай қазақтарды қазақтың өз мекеніне өткізбейді. Осы жағдаятты қазақ тарихшысы Шоқан анау атам заманда жазып қалдырғанын қытай қазақтары біз де білеміз. Өйткені ел тарихы маңызды. Қабдеш қытайда өсті, сөйте тұра осы уақиғалар жөніндегі Нығмет ағаның жазғандарын оқыса болар еді. Өйтпепті, аңызға ілесіп жүре беріпті. Қазақтар өз Ата мекендері, бір кезде қалмақ, онан соң қытай басып қалған жерлері- Алтай, Тарбағатайға 1810 жылдары шегінде қайта оралады. Бұл туралы қазақ ғалымы Шоқан  мен қытайда аты шыққан тарихшы Нығмет аға бірауызды. Шындық осында. Тарихтан бейхабар Қабдеш Жұмаділовтың Шоқанмен, Нығымет ағамен тайталасып, олардың айтқандарын теріс етпегі қонымсыз-ақ.

Қабанбай батыр 1758 жылдан бастап қытай бақылап отырған жерге көшемін десе, қазақтың ең басты қолбасшысына қытай қуана-қуана таңдаған жерін берер еді. Қабанбайдың келгені тізеге түспей отырған қазақтың тең жартысы көшіп келіп, қытайдың ноқтасын кигені, боданға түскені болар еді. Бірақ, Қабанбай батыр боданға түсетін адам ба? Қаракерей Қабанбай батыр 1758- 1762 жылғы бітімдерде қазақ жағынан Абылайдан кейінгі екінші адам болып сөз ұстағанын қытай жағы ашық жазады. Таудай болып отырды, кесікті сөзін айтқан шығар.

Түптеп келгенде айтарымыз, Қабдеш Жұмаділов пен Болат Нәсеновтардың Қабанбай батыр 1748 жылдардан көз жұмғанынша Тарбағатай етегін мекендеді дегендері тарихты бұрмалау. Зейнолла өзі теріске шығарып отырса да Қабдеш жазушы Зейнолланның қатасын білмей көшіріп  алғанын мойнындауға шамасы жетпепті. Бірақ бұл халықты, қазақ тарихының ірі тұлғасы Қабанбай батырдың ғұмырын бұрмалау болып тұр. Сондықтан да бұл қатені түзету керек. Қабанбай батыр тарихи тұрғыдан Тарбағатай етегінде жерленбеген.

Қытай үкіметі қазақтардың қоныс ретін өте жіті қадағалап отырған. Қай рудың қашан, қайдан келгенін, қай жерге тоқтағандарын Алакөлдегі бастық тіркеп, Үрімжіге ұдайы жіберіп тұрған. Мысалы, 1816 жылғы 8 айда «Бұрын таныс емес Байжігіт дегендер Аякөзден бері өтіпті. Байқасақ, олар малды, жылқылы, бай көрінеді» деп жазыпты. Қабдеш Жұмаділовқа айтарымыз, міне, Қабанбай елі Байжігіттер алғаш рет, Қабанбай о дүниелік болғаннан соң 60 нешеме жылдан кейін ғана Аякөз маңынан көрінді. 1748 жыл қайда, 1816 жыл қайда? Осындай дәйектен соң Қабанбай батырды Тарбағатай етегінде жерленді деу қай тарихқа сияды?

Енді Камал Әбдірахманның деректеріне келсек, Қабанбай батырдың барлық жөн білетін ұрпағы бұл кісінің Қабанбай батыр Арқада жерленгені туралы пікірімен бірлес. Байжігіт, Мәмбет шежірелерімен дөп келеді дейді. Бұл кісі өткен жылдары бірнеше рет сапарлап келіп, Мәмбеттермен, Қабанбай батырдың ұрпақтарымен көп кездесіпті. Өз білетіндерін Батыр ұрпақтарымен бөлісіпті. Мәмбет, Қожақұлдар Қабанбай батырды Камалдың соншалықты терең білетініне бас шұлғып отыр. Мен бұл кісіні танымаймын. Екі адам бірігіп, әділетсіз жазғырып жатқан соң өзім білетін қытай мәліметтерін ұсынғанды жөн көрдім. Камал Әбдірахман қытай қазақтарына «Өкіреш Шал» деген көлемді мақаласымен таныс. Мақала «Мұра» журналына жарияланып, қытайдағы қазақ тарихшылары, шежірешілері арасынан көтере бағаланды. Тың ойлары, ерінбей ел аралап жүргені риза етті.

Менің білетінім - Қабдеш жазушы мен жалған тарыйықшы Болат Нәсенов қиыс сөйлеп, елді адастырып, қапияда тарихты бүлдіріп жүр.

Қытай, Үрімжі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377