Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
1989 0 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 16:24

Экс-министрдің ісі: «Гастро-орталық» директоры екі айға қамалды

Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен ұсталған Астанадағы "Гастро-орталық" директоры екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Астана полициясы хабарлады.

Полиция "тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды" деді. 13 қарашада полиция "Қылмысты хабарламау" және "Қауіпті жағдайда қалдыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 11 қарашада Астана сотының шешімімен "Адам өлтіру" бабымен екі айға қамалған. Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген. 31 жастағы әйел Астанадағы мейрамханалардың бірінде қатыгездікпен ұрып-соғудан көз жұмған.

Қуандық Бишімбаев 2018 жылы жемқорлық бабымен 10 жылға сотталған еді. Қызылордадағы әйнек зауытына бөлінген ақшаның бір миллиард теңгесін жымқырды деп айыпталған. 2019 жылы қазанда Бишімбаевты шартты жазамен түрмеден босатқан.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелінің қазасынан соң әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа қарсы "Заңды өзгерт, жазаны қатаңдат" деген ұранмен флешмоб басталды. Желі қолданушылары үкіметтен тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы шараларды, заңды қатаңдатуды, жазаны күшейтуді, отбасындағы зорлыққа қылмыстық статус беруді, әлеуметтік қызметтердің қолдау көрсетуін қамтамасыз етуді талап етіп, билікті тез арада шара қабылдауға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 856
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2254
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 575
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 550