Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
Жаһан жаңғырығы 2379 6 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 16:57

Екі оттың ортасында қалған Америка

Америка Президенті Байден билікке келгелі Азия-Тынық мұхит аймағында ірі жүрістер жасады. Филиппинмен, Үндістанмен жаңа қауіпсіздік келісіміне қол жеткізді.

Аймақта әскери жаттығуды күшейтті. Серіктестерін Қытайға жоғары технологияларды бермеуге көндірді. Бірақ ХАМАС-тың Израильге күтпеген жерден жасаған шабуылы Ақ үйді қайтадан Орта Шығысқа Қайрылуға мәжбүр етті.

Жоғары шенділердің Тел-Авивке ат сабылтып барғанын айтпаған да, Қорғаныс министрлігі ерекше жұмыс тобын құрды. Әскери көмекті күшейтті.

Осының бәрі Азия-Тынық мұхит аймағындағы әріптестерін алаң қылуда. Олар Америка аймақтағы әскери күштерін Орта Шығысқа жөткеп кетеді ме деп қауіптенеді. Бұл жайында «Нью-Йорк Таймс» газеті мақала жариялады.

Газетке сұхбат берген Жапония Парламентінің мүшесі: «Бізді алаңдататыны Американың әскери ресурстарын Еуропаға, Орта Шығысқа әкетеді ме деген қауіп. Израиль мен ХАМАС-тың соғысы тезірек аяқталғаны біз үшін тиімді», - деген.

Бұл соғыста Жапония бейтарап позиция ұстанса, Үндістан Израильді қолдаған. Ал Индонезия еврей елін айыптап, Палестина жұртына қолдау білдіріп отыр.

Арадағы мұндай алауыздықты болдырмау үшін Американың Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрі аймаққа сапармен бармақ.

Ертең Сан-Франциско қаласында аймақ елдерінің APEK экономикалық форумы өтеді. АҚШ-қа бәсекелес Қытай басшысы да барады. Миллиардтар елінің басшысы АҚШ-тың ауылшаруашылық өнімдерімен Бойнг ұшағын сатып алуға құлықты дейді БАҚ.

Қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде Америка тарабының арадағы саяси араздықты ысырып қойып, қуана келісері хақ. Байденнің бұл қадамдары аймақтағы әріптестерін тағы да алаңдатып, сеніміне селкеу түсіруі мүмкін.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1639