Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
2274 3 пікір 20 Қараша, 2023 сағат 13:16

Думан Мұхаммедкәрімді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды

17 қарашада тергеу соты журналист Думан Мұхаммедкәрімнің қамау мерзімін тағы бір айға созды. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

"Қамау мерзімін ұзартуға куәгерлерден жауап алу аяқталмауы негіз болған. Ал істе олардың жалпы саны – 207 адам. 14 адамнан әлі жауап алынбаған. Тергеу болжамынша, бұл адамдар "Ne Deidi" YouTube-арнасындағы жарияланым үшін Әблязовқа ақша аударған-мыс" деді Ғалым Нұрпейісов.

Осы аптада журналистің ісі бойынша тергеу бір айға созылғаны белгілі болған еді.

Билікті сынаған журналист Думан Мұхаммедкәрім “тыйым салынған ұйым ісіне араласу” және “экстремизмді қаржыландыру” баптары бойынша күдікке ілінген. Оған мұндай айыптың тағылуына қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты түрткі болған.

Журналист маусымнан бері тергеу абақтысында отыр.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті "саяси тұтқындар" тізіміне енгізген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741