Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2612 4 пікір 20 Қараша, 2023 сағат 13:26

Кемерово облысын басқарған Аман Төлеев қайтыс болды

Кемерово облысын 2018 жылға дейін 20 жыл басқарған Аман Төлеев 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды аймақ басшысы Сергей Цивилев ВКонтакте парақшасында жеткізді.

Аман Төлеев 1944 жылы Красноводск қаласында дүниеге келген. Әкесі – қазақ. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.

Нововсібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемеров облысында темір жолшы болып бастаған.

1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы болды. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 25 наурызында ресейлік Кемероводағы төрт қабатты «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болды. Өрт ошағы жоғарғы қабаттан шығады, онда бірнеше кинотеатрлар мен балалар ойын алаңдары орналасқан. Өрттен 64 адам қаза болды. Қайтыс болғандар тізімінде 41 бала болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 79-ға жетті. Өрттен кейін Аман Төлеев өз еркімен отставкаға кету жайлы өтініш жазды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1116
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2653
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 738