Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4801 15 пікір 20 Қараша, 2023 сағат 17:11

Бекболат Тілеухан: Қазақстанда соғыс болады!

Үш ай жоғалып кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың оралуына тұспа-тұс Бекболат Тілеуханың да сұхбаты көп күттіріп барып, жарыққа шықты.

Қаңтар оқиғасын алдын ала сезіп қойған көріпкел, қарғысшыл салафит бұл сұхбатында ымдап, Қазақстандағы салафит бауырларына бірнеше жасырын үндеу жолдаған. Қаңтар оқиғасының жоспарын құрғандардың бірі деп айтылатын салафит Бекболат Тілеухан алда бізді не күтіп тұрғанын қалай тұспалдап жеткізді, соны ашықтап көрейік:
Сонымен сұхбатта:

1. Қайрат Сатыбалды көп ұзамай түрмеден шығатыны "сүйіншіленді".
2. Қазақстанда жақында соғыс болатынын білдіріп отыр. Ол соғысты да салафо-уахабилер бастайды. Оның жоспары АҚШ-та құрылған. АҚШ уахабилер арқылы соғыс жүргізеді. Сол үшін 10 жыл бұрын ұстаз ретінде Халил, Тоиржан секілді террористер жіберілгені айтылды. Оларды Қайрат Сатыбалдымен таныстырғанын Бекболат мойындады.
3. Сақал өсіруге, балақты кеспеуге шақырды. "Хиджапты шешпеңдер", деді.
4. Жақында Сенатқа депутат болып оралатынын айтып қалды.
5. Дарын Мубаровтың айналасына топтасу қажеттігін тұспалдап жеткізді.
6. Қазақстанда салафизмге ешқашан тиым салынбайтынын қорықпай ашып айтты.
7. Халил, Тоиржанды арнайы қызметтер (спецслужба) қолданды. Тоиржан ҰҚК-ге қатысты болғасын араласпадым, деді. Осы сөзімен ҰҚК арандатты ма, жоқ әдейі айтты?

Енді осыны посылдарды жеке-жеке талдасақ.

Бекболат қаңтар оқиғасын Каспий жағалауында АҚШ әскери базасына рұқсат бергеніміз үшін Ресей мен Қытай ұйымдастырды десе біресе, Орталық Азияны толқыту АҚШ-тың жоспары деп әдейі халықтың ойын адастырмақ болады. Екіжүзді екені өз сөзіне өзі қайшы жиі қай қайшы келетінін сұхбаттан аңғару қиын емес. Бірақ ең қорқыныштысы - Бекболат өзі ұстаз санаған Халилдің АҚШ жіберген шпион екенін мойындағаны. Қазақстандағы терактілердің артында АҚШ тұрған болса, соны ұйымдастырып Шұбар мешітінде ұстаған Бекболат кім болады? ҰҚК-ге Бекболатты тұтқындауға осы сұхбат та жеткілікті? Бірақ ол Халилді жамандағансып өзін тазартпақ болады. Халил, Бекболат, Дарын Мубаров, Тоиржан Ибрагимов және Дидар, Асылхан, Алмат Сапарбаев бәрі Астанадағы Шұбар мешітінде уахабизмді насихаттап, ондағы шәкірттер Сирияда соғысқанын кез келген салафо-уахаби біледі. Бұл Бекболаттың өзінің салафит екенін мойындауына бір-ақ қадам қалды деген сөз бе? Әлде бұл Бекболаттың көп сөйлеймін деп қателескені ме? Меніңше, бұл сұхбат салафиттедің күш алып келе жатқанын, жақында билікті қолға алатындарын білдірген сес көрсету сұхбаты. Салафиттер билікті қалай алады? Ол үшін тағы бір қаңтар болатыны сөзсіз. сарапшылардың пікірінше АҚШ талибанды Түркіменстан арқылы Маңғыстауға, Тәжікстан билігін басып алып жаңа ИГИЛ құруға дайындалып жатқанын айтады . Бұл туралы сараптаманы жеке парақшамнан таба аласыздар. Қазақстандағы уахабилер осы кезде дүлей дауылдай толық фазаларына енеді. Оны да Бекболат Тілеухан сұхбатында мойындады. Қазақстанда соғыс болады деген сөзді әдейі екі рет қайталап айтады! Бұл - өте қорқынышты! Бұған дәлел Бекболат Қазақстанда салафизмге ешқашан тиым салынбайды деп қорықпай айтып отырғанын да қосыңыз . Демек, Бекболаттың сұхбатынан түйгеніміз. Қазақстанда салафизмге тоқтау салынбайды. Сақал қырқылмайлы, балақ ұзармайды, хиджап шешілмейд. Көп ұзамай соғыс болады. Басты рөлді Дарын Мубаров секілді салафо-уахаби көсемдер атқарады.

Бекболат қандай салафит? Мадхалит пе, тәкфірші ме, сурурит пе, ихуаншы ма? Бекболат мұның бәрінің басындағы ұйымдастырушысы. Егер тергеу амалдары дұрыс жүргізілсе, Халил, Тоиржан, Ділмұрат, ӘбуМариям секілді терористердің барлығы Бекболатқа қатысты болып шығады. Мысалы Ділмұрат алғаш ұсталғанда түрмеде Қайрат Сатыбалды көмек көрсетіп отырды. Бекболат Халил арқылы Сауд Арабиясынан келетін қаражатты аталған барлық террористік ұйымдарға бөліп беруші ең жоғарыдағы үйлестіруші рөл атқарды. Сатыбалды секілді адамдарды солармен бірге қолданды.
Мысалы Бекболаттың Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында салынған мешіті уахабит арабтардың ақшасына салынған. Ол мешітке оның түрмеге отырып келген інісі Мухамаджан иелік етті. Ол да салафит. Сирияға кеткендер оның атын бірнеше рет тергеу амалдарында атаған. Кезінде ол мешітке Қайрат Кужин деген Саудияда оқыған уахабит имам болды. Қаншама адам осы Кужин мен оның досы Дарын Мубаровың кесірінен Сирияға кетті.

Фото: ашық дереккөзден

Ардақ Еламан

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347