Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2370 3 пікір 23 Қараша, 2023 сағат 15:15

Әшімбаев: Триллион теңге жетіспейді...

Сурет: Әлеуметтік желіден

Егер бизнестің даму қарқыны төмендейтін болса салық түсімдерінің қажетті көлемі қалай қамтамасыз етіледі? Қосылған құн салығы бюджетке салық түсімдері мәселесін шешуге қаншалықты көмектеседі?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарды қарау барысында осы және басқа да сұрақтарға жауап беруді талап етті.

Сенат Төрағасы қараша айының басына жоспарланған 11 трлн теңге салықтың небәрі 9,6 трлн теңгесі жиналғанына назар аударды. Яғни, ол атап өткендей, 1,4 трлн теңге «минусқа» кетіп отырмыз.

«Биыл шамамен 14 триллион салық түсімі жоспарланған еді. Әрине, нақты көрсеткіш төмен болуы мүмкін. Осы жағдайда келесі жылға, 2024 жылдың бюджетіне біз шамамен 16 триллион теңге көлемінде салық түсімін саламыз. Яғни, бұл өте маңызды өсім болып отыр. Салықты әкімшілендіру салықтың бір бөлігін қамтамасыз етуге тиіс. Бірақ салық түсімдерін тағы қалай қамтамасыз ету жоспарлануда? Біздің ойымызша, сіздің жауабыңызда ол салықты көтеру арқылы болады. Қазір осы туралы айтылып отыр. Бірақ бюджетке салық түсімдері мәселесін шешуге қосылған құн салығының өсімі қаншалықты көмектеседі? Осыған байланысты сізде 2024 жылғы бюджетке 16 триллион теңге көлемінде салық түсімдерін қамтамасыз етуге байланысты қандай да бір пысықталған ұстанымдар бар ма? Бұл қалай қамтамасыз етіледі?», – деп сұрады Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5362