Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3035 0 пікір 19 Қыркүйек, 2013 сағат 06:11

Әр адам кез-келген жерде өзіне мемлекеттік тілде қызмет көрсетілуін талап етуі керек!

1989 жылдың 22-қыркүйек күні қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген еді. Содан бері 24 жыл бойы бұл күн «Тілдер күні» мерекесі ретінде аталып өтуде. Айтулы мерекенің аясында «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде  «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өткізіліп келеді. Биыл бұл шара Алматы қаласы әкімдігінің арнайы қолдауымен 2013 жылдың 22-қыркүйек күні cағат 11-00 де Алматы қаласы Алатау ауданы Ақбұлақ ықшамауданы Шоланов көшесі, 159 (Б.Момышұлы көшесі және Райымбек даңғылы қиылысының төменгі жағында) Орталық мемлекеттік мұрағатының үлкен мәжіліс залында өтетін болып шешілді.

Осыған орай «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановтың басшылығымен зиялы қауым өкілдері, мерзімді басылым басшылары, қоғамдық қозғалыс жетекшілері және жастар ұйымы өкілдерінің қатысуымен баспасөз маслихаты және «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткізуге туралы кеңесу отырысы болды.

Жиын барысында мемлекеттік тіл төңірегінде қордаланып қалған мәселелер тағы да көтеріліп, бұл шараның әрбір адам үшін маңызды екені айтылып, «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткізуге байланысты арнайы жоспар түзіліп, жауаптылар бекітілді.

Отырысқа қатысқан филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы бұл акцияның мемлекеттік тілдің дамытуға үлкен ықпал жасап отырғанын және тілге қатысты мұндай қоғамдық негіздегі іс-шараларға халықтың көптеп қатысып келе жатқанын айта келіп, «Еліміздің болашағы саналатын жастардың акцияға көптеп келуіне жүйелі жұмыстар жүргізілу керек, – деді. Ал жақында ғана ұшақ ішінде бортқызметкерінен мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етіп, ақыр соңында сол үшін жауапты болған «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының мүшесі, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай: «Әрбір адам кез-келген жерде өзіне мемлекеттік тілде қызмет көрсетілуін талап етуі керек, біз сонда ғана мемлекеттік деңгейде тіліміздің өркендеуіне қол жеткіземіз, – деді.

Ал, жазушы-драматург Дулат Исабеков қазіргі қазақ қоғамының тым ұсақталып бара жатқанын айтып, қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуы жиілеп кеткеніне қынжылыс білдірді. Мұның бәрі олардың ана тілін, ұлттық салт-дәстүрде ада өскенінің салдары екеніне тоқталды. «Егер біз бәріміз бірлесіп, ана тілімізді қорғауға, оны дамытуға күш салмасақ елдігімізге сын» – деді ол.

Баспасөз маслихатына қатысқан Рысбек Сәрсенбайұлы, Эрнест Төрехан, Советхан Ғаббасов, Бейсенғазы Сәдуұлы, Қазыбек Иса, Расул Жұмалы, Еркін Рақышев, Асқар Наймантаев, Серікжан Мәмбеталин, Аманғазы Кәріпжантегі, Дәурен Бабамұратов, Кеулімжай Құттиев сынды азаматтар «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын халықтың ұлттық санасын оятуға, жастардың отанға, елге деген патриоттық сезімдерін арттыратын аталмыш шараның биыл жоғары деңгейде өтетіндеріне сенімді.

Жиынды жүргізіп отырған М.Шаханов таяуда республикалық басылымдарда интернет сайттарында жарияланған Президентке, Үкіметке, Парламент депутаттарына және Қазақстан халқына арналған «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының «Мемлекеттік тілдің мұңлы халі» атты мәлімдемесінде көтерілген талаптарды тағы бір електен өткізіп, осы мәселелердің шешім табуын биліктен талап ететіндіктерін нығыздап айтты. М.Шаханов аталмыш мәлімдемедегі Елбасының өзінен бастап мемлекеттік лауазымды қызмет иелері барлық отандық, шетелдік ресми кездесулерде, негізінен, мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттеліп, республика көлеміндегі маңызды іс-шаралар мемлекеттік тілде жүргізілсін. Республика министрліктері, мемлекеттік органдар, департамент, басқармалардың іс-қағаздары толықтай мемлекеттік тілге көшірілуі керек. Мемлекеттік тілді білмейтіндер ілеспе аударма қызметін пайдаланатын болсын. Мемлекеттік тілді мойындамайтындар, оны оқып, үйренуге тырыспайтындар – мемлекеттік қызметке алынбасын – деген талаптың қоғамда кеңінен талқыланып, үлкен талқыға түскенін атап айтты.

2009 жылы билік Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұсынған «Ел бірлігі»

доктринасы арқылы елімізді «Қазақстандық ұлтқа» енгізуді жоспарлады. «Қазақстандық ұлт» өзінің негізін «американдық ұлттан», яғни көп ұлттан бір ұлт жасау идеясынан алатыны белгілі. «Қазақстандық ұлтқа» енсек, бүкіл ұлттық мүддеден мақұрым қаламыз. Зиялы қауым өкілдері бұл ұлтсыздандыру шарасына түбегейлі қарсы тұрып, аштық жарияламақшы болды. Республика бойынша 4 мыңнан астам адам бұл акцияға белсенді түрде қатысатындықтарын білдірді.

Билікті райынан қайтарған бұл бірлескен шара зиялы қауым өкілдерінің демократия саласындағы елеулі жеңісі еді. «Қазақстандық ұлт» саясатын ендірмей тоқтатқанымызбен, ол әлі залалсыздандырылмаған бомба іспетті көмулі жатыр. Болашақта «қазақстандық ұлтқа» көшетінімізді ескертіп отырған Қазақстан билiгi бастапқы райынан түбегейлі қайтар емес. Мұның дәлелі соңғы уақытта Қазақстанда саясат ыңғайына қарай «қазақстандық» деген айтылым қалыптасты. Биліктің бұл жымысқы саясатына қарсы үн қату үшін және барша зиялы қауым өкілдерін бір болып жұмылуға жетелейтін және олардың елдік, ұлттық мүддедегі ой-пікірлері жақында тұсауы кесілген «Халық рухы» www.halykruhi.kz (халық рухы) қоғамдық-саяси интернет газетінде жарияланып тұратыны айтылды. Біз осы интернет газеті арқылы барлық мәселелерге араласып отырамыз – деді интернет газеттің бас редакторы Нұрғали Жүсіпбай.

Қорыта келе, түйгеніміз - ұлт зиялылары мемлекеттік тіл, елдік, ұлттық мүдде жолындағы жауапкершіліктерін ұғынып, бергіде Алаштың, арғыда Түркінің тарихындағы күллі ғұламалар мен  зиялылардың өр рухтары мен биік парасатының киелі аманатты орындауға тағы да жетелеп отырғандай...

Өйткені, бүгінгі күн, кешегі күннен өзгерек, жаһандану мүлгуді, есінеуді кешірмесі хақ!

Еркінбек СЕРІКБАЙ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347