Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3264 0 пікір 19 Қыркүйек, 2013 сағат 06:19

Сыздықованы сызып тастады

«Нұр Отан» (ХДП) партиясының  қатарынан экс-депутат Бақыт Сыздықова  сызылып қалды. Сыздықова мүшеліктен сызылып қалғаны туралы алдымен өзі жарияға жар салды. «Я была в шоке» деді ол twitter.соm әлеуметтік желісінде отырып. Жақын ортасы мен қамқор ағаларына (Әділбек Жақсыбек, Асқар Мамин, т.б.) сүйкімі болмаса, былайғы жұртқа еркетотайлығы, әйелге тән әдептен озып сөйлейтін бейпілауыздығы еш ұнамайтын Бақыт Сыздықова 7 миллион теңгені жеп қойыпты. Осыдан төрт жыл бұрын 7 миллионды «бірдеңе-сірдеңе» деп келетін жастар ұйымының жұмысына алған да қылғыта салған. Ойына келгенін іркпей айта салатын Сыздықова бұрынғы әріптестеріне ренжіп: «Одан бері төрт жылдан астам уақыт болып қойды. Төрт жыл өткен соң ол ақшаны менен неге сұрайды?», -  деп бұлқан-талқан болды. Шамасы, Сыздықова үшін қазынадан алынған қаржы уақыты «ескірген» соң «списать»  етілуі керек сияқты. Әлгі 7 миллион өсе-өсе қазір 15 миллионға жетіпті. Оны Бақыт Ахметқызы қайтара ма, жоқ па, әлі белгісіз. Әйткенменде, дәл осы арада біздің билік пен заң орындарының жаны аяулы адамдарға келгенде терісінің кеңіп сала беретініне таң қаласың. Ал, қайсібір байқұстың басына қара бұлт үйіріп қаһарланса, қатты кетеді. Естеріңізде шығар, осыдан 10-11 жыл бұрын Ғалымжан Жақиянов 500 мың теңге үшін алты-жеті жыл абақтының дәмін татып шыққан-ды...

Сыздықова 7 миллионды ғана жымқырып жүрген адам емес екен, болашағы мен бүгініне нұрын төккен «Нұр Отан» партиясына да мүшелік жарнасын төлемей Гарлем шейк билеп былыққа батыпты. Онысын «Нұр Отан» ХДП бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков айтты.

- Сыздықова ханым партиялық жарнаны жарты жылдан астам төлемеді, бастауыш партия ұйымының отырысына бір жыл қатыспады және партияның құжаттарын бүлдірді, - деді бақылау комитетінің төрағасы.

Ұлттың ары мен ұятын баққан қариялар мына заманға кейіген кездерінде «Бұ өзі қатын құтырған заман болды ғой» деседі. Сол құтырғанның көкесін Мәжіліс депутаты кезінде осы Сыздықова көрсеткен-ді. Парламент қабырғасында бір кезек демография, отбасы және неке туралы сөз шыға қалып, алған әйелдерін заңдастыруды ойлаған бір депутат «многожонство» туралы сөз бастай берген, Сыздықова сонда сазбеттене ашуланып «Еркектер екі қатын алса, біздер, қатындар, екі байға тиеміз» деп  әріптесінің бетін қайтарып «картопты езген» еді. Онымен қоймай Елбасымыз «астаналықтар жақсы киініп жүрсін» деп жарлық шашқанда Сыздықова Елордадағы ең қымбат супермаркеттердің біріне барып, ертеңінде кеудеқапты қаншаға сатып алғанын, размерін, түсін, сапасын айтып жұрттың «аузынан сілекейін» ағызған. Одан кейін Құдай-ау, некелі жарынан ажырасты ма, биледі ме, білгенін жасады... Енді, міне, партия құрамынан шететтіліпті. Әйтседе біз Сыздықованы кінәлаудан аулақпыз. Оны осылай құтыртқан, қолтығына су бүрккен, әйелдік кейіпінен айырған қоғам ғой, ортасы ғой. Абайша айтсақ сыздықовалардың осындай халге жетуіне «бәрі виноват».

Abai.kz

Бақыт Ахметқызы Сыздықова

1974 жылы 8 сәуірде Целиноград қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Сыздықов Ахмет Қимашұлы, марқұм. Анасы - Сыздықова Шайза Шаймерденқызы, зейнеткер. С. Сейфуллин атындағы Ақмола педагогикалық университетін бітірген (1996), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің профессоры (Семей қаласы, 2009 жылдан).

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).

1996 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жастар мәселесі комитетінің төрағасы, педагогика пәнінің оқытушысы. 1998-2001 жылдары - «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қозғалысы кеңесінің төрағасы (Алматы қаласы). 1998-2003 жылдары - Жастар парламенті, астаналық КВН лигасы, Еуразиялық эксперименталдық институттың, «Бірлік» жастар қозғалысының, астаналық жастар ұйымдары ассоциациясының, Астана, ҚР КВН құрама командасының, КВН республикалық лигасының, Қазақстан скауттар қозғалысы ұйымы филиалын ұйымдастырушылардың бірі, Астана қаласы жастар сайлауалды штабының және ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау бойынша «Біз кімді таңцайтынымызды білеміз!» астаналық акциясының жетекшісі . 1999-2006 жылдары - Астана қаласы әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы. 2001-2006 жылдары - «Ақбота» балалар қоғамдық қорының атқарушы директоры (Астана қаласы). 2002-2006 жылдары - ҚГ балалар қоры кеңесінің атқарушы хатшысы. 2007 жылдан ҚР БГМ Балаларды қорғау комитетінің төрағасы.

2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаи.і Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Астана қалалық мәслихатының депутаты (1999-2007).

«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2006 жылдан), «Молодежный Мажилис» («Жастар мәжілісі» АҚ төрағасы) (2007 жылдан); Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі (2000-2007); «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ШК Орталық кеңесінің мүшесі (2008 жылдан); ҚР Президенті жанындағы жастар мәселесі жөніндегі кеңестің мүшесі (2008 жылдан) «Студент көктемі - 1992» 1-ші республикалық фестивалінің, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), Ы. Алтынсарин атындағы (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Қазақстан Республикасында балалардың жағдайын жақсартуға және олардың құқығын қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін» (200Н) естелік белгісімен марапатталған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345