Бейсенбі, 21 Қараша 2024
Саңлақ 9172 8 пікір 24 Қараша, 2023 сағат 15:10

«Тобылдағы» топалаң. Ақсақалов неге үнсіз?

Орасан көп ақша жүрген жерде айқай-шусыз, ұрыс-керіссіз өмір қашанда қызықсыз ғой. Осындай бір үлкен дау біздің Қостанайда да басталды.

Үстіміздегі жылдың шілде айында облыс әкімі Құмар Ақсақалов көршіміз Ресейдегі «Волга», «Уфа», «Торпеда ЗИЛ» секілді футбол клубтарында ойнаған, кейін өзбектердің «Навахор» клубына бапкер болып ауысқан Андрей Канчилькис дегенді анау-мынау емес, осындағы «Тобыл» футбол клубының бас директорлық қызметке қолқалап шақырып алды. Қоярда мақтауын жеткізіп бақты. Онсыз күніміз қараң секілді.

Енді осыдан үш ай бұрын тіпті, табынуға айналған бұл мықтымыз бір-ақ күнде табысты қызметінен айырылып қалды. Аталмыш клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бас директормен келісім-шарт бұзылып, осынау аса талантты адаммен мәңгілік қош айтысыппыз. Мұны осы клубтың қосалқы құрылтайшысы Әлімжан Қалдияров та растады.

Осымен әңгіме бітті десеңіздер, қатты қалелесіздер. Қызық пен шыжық енді басталды. Жақында, күні кеше ғана Андрей деген батырыңыз: «Мен бұл қызметтен өз еркіммен кеткен жоқпын. Қазір кезекті еңбек демалысындамын. Мені қудалап жатыр. Керек болса халықаралық ФИФА мен УЕФА клубтарына шағымданамын», - деп айбат шегіп жатыр. Мұнысымен қоймай ол «Тобылдың» иесінің бірі, әлгі Әлімжан Қалдияровты да қырына алған секілді. Оның кейбір келеңсіз істерін білетіндігі жөнінде емеурін жасайды.

Әрине, жылына 2 миллиард теңгеден астам қаражат құйылатын жердегі майлы жілікке бергісіз үлкен лауазымды көзі қиып тастап кететін келімсек Андрей сонша иіс алмас біреу дейсіздер ме? Оның үстіне өзіміз қоярда-қоймай қолқалап шақырып алсақ? Тапқан екенсіңдер, ақымақты.

Сонымен елімізге белгілі атақты футбол клубынан енді дүниежүзіне тарайтын дау туындап жатыр. Ал осы клубтың қожайыны, облыс әкімі Құмар Ақсақалов ештеңе болмағандай тым-тырыс. Облыстың футбол жанкүйерлері болса, бұл мәселені сан-саққа жүгіртіп, өздерінше дүрлігіп жатыр.

Аяғы не болар екен?

Жайберген Болатов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1429
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3192
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5083