Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4505 2 пікір 28 Қараша, 2023 сағат 17:04

«ҚазАвтоЖолдың» экс-басшысы неге қызметтен кетті? - Қарабаев түсіндірді

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысының қызметттен кетуіне қатысты түсінік берді.

«Таяуда «ҚазАвтоЖолдың» басшысы болған Мейірхат Қасымбаев қызметінен кетті. БАҚ оның жемқорлық дауына ұшыраған Қалбатау - Майқапшағай жолын жөндеген «ҚазГерСтрой» компаниясына қатысы бар екенін жазды. Бас прокуратура осы жолдың құрылысына деп бөлінген 21 млрд теңгенің мақсатқа сай жұмсалмағанын хабарлады. Оның қызметінен кетуіне сол жемқорлық дауы себеп болды ма?», – деп сұрады журналист.

«Жоқ. «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысының қызметінен кетуі одан емес. Ол өз еркімен жұмыстан босады», – деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ тілші аталмыш жол құрылысына Қытайдың «Эксимбанкінен» қанша қарыз алынғанын сұрады.

«Қалбатау - Майқапшағай жолына шетелдік қаржы институтынан кредит тартылған. Жолдың жалпы құрылысы сол көзден қаржыландырылып жатыр. Түрлі-түрлі көздер қарастырылған. Бірнеше учаскеге, бірнеше лотқа бөлінеді. Ең басым бағыттағы ақша қытайлық «Эксимбанкке» тиесілі. Оның көлемі – 156 млрд теңге», – деді ведомство басшысы.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1022
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2565
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677