Жұма, 22 Қараша 2024
1302 0 пікір 29 Қараша, 2023 сағат 15:42

«Қазпошта» филиалдарында 273 млн теңге ұрланған

«Қазпошта» АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады Qaz365kz. 

Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау, күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді», –делінген мекеме хабарламасында.

«Қазпошта» АҚ ақпаратында ведомствоның орталық кеңсесінде және жергілікті жерлерде заң бұзушылық әрекеттермен күрес одан әрі жалғасатыны айтылған. Бұл бағытта мекеме басшылығы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істемек.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276