Мәжит Тұрмағамбетов: 2015 жылы жыл сайын 70 тонна алтын өндірілетін болады
«Тау-Кен Самұрық» АҚ ресурстық қор дамып, орта және ірі өндірістік өзгерістерді жүзеге асыруға негіз жасалатын жобалар портфелін қалыптастырды. Аталған инвестицияның жалпы сомасы 7,2 млрд долларды құрайды. Компанияның жоспарлары мен жобалардың ағымдағы жағдайы жайлы «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшысы Мәжит Тұрмағамбетов әңгімелеп берді.
- Сіз жетекшілік ететін компания қоржынында қанша инвестициялық жоба бар?
- «Самұрық-Қазына» Қоры инвестициялық комитеті 18 жобаны мақұлдап, оның жетеуінде нақты нәтижеге қол жеткіздік. Алғашқы өндірісіміздің бірі болып Астанадағы аффинаждық зауыт саналмақ.
- Аффинаждық зауытқа сұраныс неге негізделген? Ол толық қуатында жұмыс істеп кете ала ма?
- Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, Қазақстандағы алтын өндірісі саласын белсенді дамыту мәселесі шешілуде. 2015 жылы жылына 70 тонна алтын өндіргіміз келеді. Ең төменгі көздеген белесіміз – үш жылда кем дегенде жылына 10 тонна алтын өндіру. Бұл қадам, бізге, Лондон металл биржасында аккредиттелуімізге жол ашады. Өндіріске шикізат болады. Бүгінгі таңда 29 алтын өндіретін кәсіпорынның 19-ы бізбен аффинаждық зауытқа алтын жеткізу жайлы меморандумға отырды. Дайын тауарға сұранысты Ұлттық банк пен үнемі өсу үстіндегі нарық қамтамасыз етпек.

Зауытта Германияның алдыңғы орындағы аффинаждық кәсіпорындарының озық үлгілі инновациялық технологиялары қолданылмақ. Жобалық қуат жылына 25 тонна алтын мен 50 тонна күмісті межелемек. Зауытты 2013 жылдың төртінші тоқсанында қолданысқа тапсыру жоспарлануда. Мұндай зауыттың бой көтеруі, Қазақстанда өндірілетін құрамында алтын және күміс бар барлық кен қорларын тиісті аумақта өңдеуге мүмкіндік бермек. Ең бастысы – жаңа құрал-жабдықтың 999,9 сынамасындағы жоғары сапалы таза алтын өндіретін қауқары болуы. Біздің есептеуімізше, жоба өзін 6 жылда ақтап үлгереді.
- Компанияларыңызға қатысты сын пікірлерге айтар уәжіңіз қандай?
- Сыни пікірсіз қай іс болмасын басталмайды. Біз туралы теріс пікірдегілерді түсінемін. Олар ақшаны тез әрі жылдам істеуге болатынына сенімді. Көбісі өндірістің іргетасын тиын-тебенге дерлік аз шығынға қалап, ол бір жылдың ішінде өзін ақтайды, ал екі жылдан соң миллионерлер жасайды деп ойлайды. Бұл – бос ертегі. Саламыздағы жобаларда нақты әрі үлкен табыстың біртіндеп келетінін тереңінен ұғыну керек. Мысалға, ЕNRC, Қазақмыс, Қазмырыштарға зер салып қарайықшы. Кезінде бұлардың бәрі қыруар қаржы құйылған кеңестік алпауыттар еді ғой. Ал қазір оны барлығы ұмытқан сыңайлы.
Металлургиялық комбинаттың құрылысына 500-600 млн доллар қажет деп әңгіме қозғай бастасақ, елдің түгелі таңырқап, аузын ашып қалады. «Ондай қаражатты қайдан табады?» деген сипатта. Бірақ өздері бастарын төмен салбыратып, тұйыққа тіреледі.
Ақша салмай, көзді ашып-жұмғанша кіріс алуды қалай ғана болжауға болады? Осының байыбына барғысы келмейтін адамдар да қызық.
- «Тау-Кен Самұрық» арнайы салынған инвестицияларды пайызымен қашан қайтарады?
- 2022 жылға таман. Компаниямыз кен қойнауын алып, ол жерге делдал ретінде серіктестер тартуға ғана құрылмағанын ескеру керек. Біз, барлау, өндіру, өңдеу, өнімді жасау кезеңі секілді бірнеше өзгерістерді бастан кешіретін, қосымша қосылған құнымен сатылас-ықпалдасқан компанияны дүниеге әкелуге күш салуға тиіспіз. Әлемдік алпауыттар ұзақ жылдардан бері салып кеткен даңғыл жол осы. Айқын мысал дүниежүзіндегі ірі мыс өндіруші чилилік ұлттық мыс корпорациясы бола алады. Бізде барланған қор 37 млн тоннаны көрсетсе, оның жалпы мыс қорының көлемі 120 млн тоннаны төңіректеуде. Бүгін осындай кейіптегі СODELCO мемлекеттік корпорациясы, президент Аугусто Пиночет декретіне сәйкес, 1976 жылы құрылған.
Қатты пайдалы қазбалар – осы және одан кейінгі жүз жылдықтың жарқын келешегі. Сондықтан, бұл тұста, күш-жігер мен қаражатты аямай жұмсағанымыз, жемісін сабырмен тосқанымыз ләзім.
- «Тау-Кен Самұрықта» қандай бағыттарға айрықша назар аударылады?
- Табысты жобаларға. Бірінші кезекте, бұл – экономикалық тұрғыда үнемі зәрулік танылатын темір кені өнеркәсібі. Шикізаттың үлкен көлемі және болатқа деген мұқтаждықтың өсе түсуі тәрізді кең мүмкіндіктерді тиімді қолдана білген жөн. Тағы бір қызықтыратын бағыт, ол – мырыш. Нақтырақ тоқталсақ, елдің әл-ауқатын көтеруде зор экономикалық мәнге ие, Шалқия кен орны. Тың жоба лайықты атқарылатын болса, кен өндіру көлемі өсіп, 2 мың жаңа жұмыс орны жасақталып қана қоймай, қорғасын мен мырыш өндірісінде әлемдік көшбасшылар қатарына кірмекпіз. 5,5 млн тонна мырыш қоры бар Шалқия, төрткүл дүниедегі кен қойнаулары арасында тоғызыншы орынды еншілеуде. Бізге жүктелген міндет – металды өңдеудегі кешенді көзқарасты кәдеге жаратып, кенді өңдеу нәтижесінде бар металды жарыққа шығару.
Дереккөз: «SK News»