Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
1353 1 пікір 5 Желтоқсан, 2023 сағат 18:14

Студенттер тұратын хостелдер тексеріледі

Үкіметтік комиссия студенттер тұратын хостелдердегі заң бұзушылықтарды тексереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

«Заңнамамның өз талаптары бар. Бізде жеке компанияларды тексеруге мораторий жарияланды. Студенттер тұратын хостелдер - жеке ұйым. Осы орайда үкіметтік комиссия арқылы талаптарды қалай айналып өту немесе тексерулер жүргізу туралы қандай да бір шешімдер қабылданатын болады», - деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет.

«Үкіметтік комиссия барлық себептер мен бұзушылықтарды анықтайды, оның шешімін күту керек», - дейді ведомство басшысы.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2142
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3788