Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2131 0 пікір 6 Желтоқсан, 2023 сағат 15:09

Қазақстандағы «Слава Украина» қайырымдылық қоры жабылды

Атырау соты Ресейдің агрессиясынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп келген "Слава Украина" қайырымдылық қорын жою туралы шешім шығарды.

Бұл туралы Қазақстанның Адам құқықтары бойынша халықаралық бюросы мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, қорды жою туралы шешім қараша айының басында шыққан. Бірақ бұл қазір ғана белгілі болды.

Сот қор жарғысы "Қазақстан заңдарының талаптарына сәйкес келмейді" деп тапқан.

Қор жетекшісі Тұрарбек Құсайынов оның ұйымы қысқа мерзімді Украинаға 5 миллион теңгеге (10 800 доллар) гуманитарлық көмек жібергенін айтты. Оның пікірінше бұл қорды жоюға Ресей себепші болуы мүмкін.

Қазір Қазақстанда Украинаға көмек көрсеткен бірнеше қайырымдылық қорлары және еріктілер жұмыс істеп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 982
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2513
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 658