Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2164 0 пікір 12 Желтоқсан, 2023 сағат 11:59

«Электронды үкімет» арқылы кредит алу мүмкіндігін бұғаттайтын заңға қол қойылды

Woman holding a credit card and using computer, online shopping

Қазақстан президенті ел тұрғындарына «Электронды үкімет» арқылы кредит алу мүмкіндігін бұғаттап, одан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп жазылған хабарламада.

Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуына жол бермейді.

Бұдан бөлек, дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторлары бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғанын хабарлауға міндеттеледі.

Азаматтар өзінің дербес деректері пайдаланылған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1357
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2937
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1008
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 949