Жексенбі, 24 Қараша 2024
1382 0 пікір 12 Желтоқсан, 2023 сағат 13:01

Тоқаев: «QARMET-ке» қатаң талап қойылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде бұрын АМТ компаниясының жаңа басшысына қатаң талап қойылатынын айтты, Бұл туралы Ақорда жазады.

«Жақында менің тапсырмаммен Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті. Содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады. Кейбір өңірлердегі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандарда апаттардың жиілеп кетуі бүкіл еліміздегі инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту аса қажет екенін айқын көрсетті», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл мәселе ондаған жыл бойы назардан тыс қалып, шешімін таппай келеді.

«Мемлекет қысқа мерзімде ревизия жүргізіп, қолданыстағы генерациялаушы қуат көздерін жөндеуде, жаңа нысандарды іске қосуда, жылу және басқа да инженерлік желілерді жаңартуда жүйелі жұмыстарға кірісті. Атап айтқанда, биыл еліміздің батысында электр желілерінің өткізу мүмкіндігін екі еседен астам арттыруға ықпал еткен ауқымды жоба жүзеге асырылды», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан Үкіметі «АрселорМитталТеміртау» компаниясын 286 млн долларға сатып алды. Кейін компания кәсіпкер Андрей Лаврентьевтің қолына өтті. Компания атауы ресми түрде «QARMET» болып өзгертілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5624