Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2622 0 пікір 14 Желтоқсан, 2023 сағат 11:09

Бес жүзге жуық қазақстандықтың шетелде тіркелген мүлкі бар

494 жеке тұлғаның атында 26 мемлекетте 600-ден астам жылжымайтын мүлік тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Руслан Жайкеевтің айтуынша, 2021 жылдан бері табыс декларациясын тапсырудың екі кезеңі өткен. Соның аясында мыңдаған адам есеп тапсырды.

"Қазіргі кезде 354 жеке тұлғаның шет елдерде банктік шоты бар. Сонымен қатар 494 жеке тұлғаның атында 26 мемлекетте 600-ден астам жылжымайтын мүлік тіркелген", - деді Жайкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап камералық бақылау басталады. Әзірше құқық қорғау органдары ғана қажетті ақпаратты ала алады.

"Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бізге сұрау салса, бере аламыз. Ал жалпы заң бойынша жеке тұлғаның қанша ақшасы және мүлкі бар деген мәлімет жарияланбайды. Оның бәрі салық құпиясына жатады", - деп атап көрсетті Жайкеев.

Қаржы министрлігі Дариға Назарбаева мен Нұрбол Назарбаевтың да декларация тапсырғанын айтқан.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1358
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2938
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1011
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 950