Жұма, 22 Қараша 2024
Ой түрткі 2343 13 пікір 14 Желтоқсан, 2023 сағат 13:14

Баю мәдениеті дегеніміз не нәрсе?

Адамзат бар болғалы Жан мен Тән арақатынасын зерттеп келеді...

Осында мынадай бір заңдылық анықталды:

- Тән азығына мұқтаждық басым болғанда - жанның қолы байлаулы.

- Тән азығы тауқыметінен босаған Жан - шығармашылыққа, яғни Жан азығына (Абай) бет бұрады.

Бұл ереже қазіргі заманда аксиома ретінде қабылданады.

Бірақ қазақтарға келгенде осы ереженің (аксиоманың) бұзылатыны неліктен?

Бізде де байлар көптеп шығып жатыр.

Олар «тән азығы» тауқыметінен толық тәуелсіздікке жетсе де - олардың «Жан азығы» неге оянбайды?

Сұрақ:

- Сонда олардың Жаны қандай Жан?

- Оларда Жан деген бар ма?

Бұл сұрақ неге туындайды?

Туындайтын себебі, осыған дейін біздің «тән азығынан» толық құтылған байларымыздың «жандары» тек қана бір бағытта – «Тән азығын одан әрі қалайша еселей беруге болады?» деген «шығармашылықпен» айналысуға ғана шамасы жететіндігінде болып тұр.

Тіптен, Тән бейшара «Ойбай, болдым-толдым. Енді одан арыда өлдім!» деп шырылдап жатса да, бұл «Жан» оның аузына тықпалайды келіп, тықпалайды келіп... «өлмесең ома қап, менің білерім осы!» деп...

Тән өлсе Жан да өлерін білмей ме?

Міне, мәселе түйіні осы жерде.

Бізде осыған дейін «баю мәдениеті», оған қоса «байлық мәдениеті» болмаған сыңайлы.

Ондай мәдениет жоқ жерде, әрине, «өз елінің бар байлығын жауын тонағандай тонау» орын алатыны түсінікті. Бұл өзі отырған бұтақты кесу емес пе?

Әйтеуір... қайыры жоқ дүние, қайыры жоқ байлық, мейірі жоқ жан, шырайы жоқ өмір...

Философтарымыз мен психологтарымыз осы мәселе төңірегінде ойланып көрсе болмай ма?

Әбдірашит Бәкірұлы,

философ

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5240