Тіліміздің болашағы
Қазақ тілінің ұлылығы, байлығы туралы том том кітаптар жазылды. Енді тек оны іс жүзінде қолдану мәселесі ғана қалды.
Тіл үйрену, қазақша сөйлеу қажеттіліктен туады. Ең алдымен қазақтың өзі құлдық психологиядан толық арылып, тек қазақша сөйлеу керек.
БҰЛ ОҢАЙ ШАРУА ЕМЕС! ҮШІН ҚҰЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАН АРЫЛУ КЕРЕК!
Құлдық психология дегеніміз не? Құлдық психология дегеніміз дүкенге кіргенде, көлікке мінгенде, жиналыстарда т.б.
«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСЕМ БАСҚАЛАР ТҮСІНБЕЙ ҚАЛАР» деп жалтақтау, көңіліне қарау, сатушының ыңғайына қарап орысша сөйлеу. Осындай психологиядан арылмай қазақ тілін көтере алмаймыз.
Мысалы, дәл бүгін дүкенге барыңыз да сатушының кім екеніне қарамай «Шырағым, маған бір нан, сүт, қант берші. Бағасы неше?» деп қазақша сөйлеңіз.
Сол кезде сіз құлдық психологиядан арылдым деп есептеңіз.
Ал сатушы болса: «Ее, мына қазақтар қазақша сөйлей бастапты ғой, қой құрысын, мен де бір екі ауыз қазақша үйренейін» деп кіріседі.
«Я по казахский не понимаю» деп позаға тұрып алса заң да, адамгершілік те сіздің жағыңызда.
Жанжалдан қашқан дүкен иесі де екі тілде білетін сатушыны алады жұмысқа!
Шымкентте неге орысы да өзбегі де қазақша сөйлейді? Құлдық психологиядан бізден бұрын арылған олар осылай үйретті ғой.
Сондықтан, дәл бүгіннен бастап осы топтағылар өздерінен бастап құлдық санадан арылып, дүкенде, қоғамдық көлікте, жұмыста тек қазақша сөйлеңіздер.
Егер сізге біреу орысша сұраса: «Мен тек қазақша сөйлеймін. Сіздің тілді түсінбей тұрмын. Ай донт спик рашн. Телл ми ин казах ор инглиш» деңіз ағайын.
Сонда ғана сең қозғалады. Басқалардың ығына жығылып солардың тілінде сөйлесеңіз бұл біздің мәдениетсіздігімізді, құл екенімізді көрсетеді.
Әрине, қазақты жер қылып өз тілінен бездіріп, орыс тілінде сөйлеуге мәжбүр еткен құлдардың қожайыны бұған қарсы тұрады.
Бірақ, сіздің санаңыз баяғыдай күйінде қалса, күреспесе онда ештеңе өзгермейді. Өзіміз мақтаныш ететін тілімізді өз қолымызбен жерлейміз.
Жеңіс Жомарт Жеңісұлы,
Запастағы полковник, Тарих ғылымының кандидаты, Педагогика ғылым академиясының корреспондент мүшесі
Abai.kz