Жарқынбек Сейтінбетұлы. Намыссыз қазаққа дауа жоқ
Қазақ неге намыссыз ұлтқа айналып барамыз?!. Өзбек, қырғыз халықтары өз ұлттарына тән мінез, қасиеттерін жоғалтпаған. Ұйымшыл, қандай жағдайда болса да бір-біріне көмек беруге дайын тұрады. Осыған орай басымнан өткен бір жайтты айта кетейін.
Ташкентте политехникалық институтта 1969 жылы бірінші курста оқып жүргенімде, студенттер қалашығында нан алуға дүкенге барып кезекке тұрдым. Алдымда бір орыс студенті тұрған. Біраз уақыт өткенде тағы екі орыс студенті келіп менің алдыма тұра бастады. Мен оларды кезекте тұрмағанын айтып ескерттім. Олар көнбеген соң, тартысып қалдық. Бір кезде «анаңды...» деп екі-үш өзбек жігітті, екі орыс баланы ұрып, теуіп қуып тастады. Мені олар, оларды мен танымаймын. Аң-таң болып қалдым. Жатақханаға келіп жігіттерге айтсам, «түрің өзбекке ұқсайды сені өзбек деп қалып жақтасқан ғой» дейді. Әлгіндей жағдайда қазақ қайтер еді, көмектесіп араша түсу былай тұрсын, орысты жақтап өзіңді қосыла сабайды. «Орыс болам десең алдымен қазақ бол» дегенді өзбектер осыдан шығарып айтса керек.
Қазақ неге намыссыз ұлтқа айналып барамыз?!. Өзбек, қырғыз халықтары өз ұлттарына тән мінез, қасиеттерін жоғалтпаған. Ұйымшыл, қандай жағдайда болса да бір-біріне көмек беруге дайын тұрады. Осыған орай басымнан өткен бір жайтты айта кетейін.
Ташкентте политехникалық институтта 1969 жылы бірінші курста оқып жүргенімде, студенттер қалашығында нан алуға дүкенге барып кезекке тұрдым. Алдымда бір орыс студенті тұрған. Біраз уақыт өткенде тағы екі орыс студенті келіп менің алдыма тұра бастады. Мен оларды кезекте тұрмағанын айтып ескерттім. Олар көнбеген соң, тартысып қалдық. Бір кезде «анаңды...» деп екі-үш өзбек жігітті, екі орыс баланы ұрып, теуіп қуып тастады. Мені олар, оларды мен танымаймын. Аң-таң болып қалдым. Жатақханаға келіп жігіттерге айтсам, «түрің өзбекке ұқсайды сені өзбек деп қалып жақтасқан ғой» дейді. Әлгіндей жағдайда қазақ қайтер еді, көмектесіп араша түсу былай тұрсын, орысты жақтап өзіңді қосыла сабайды. «Орыс болам десең алдымен қазақ бол» дегенді өзбектер осыдан шығарып айтса керек.
Тіл жанашырлары біледі. Басқа ұлттарға «қазақ тілін үйренбейсің бе?» десең: «Алдымен өз қазағыңды қазақша сөйлетіп ал» дегенін талай есіттік. Бір жағынан дұрыс айтады. Киев қаласында жолыққан бір қырым татары, қазақтарды «рускоязычный» дейді. Біздің өз ана тіліміз бар десем, «білмеймін бізде қазақтарды солай атайды» деді. Бір жағынан қарасаң ана тілінен мақұрымдарды «рускоязычный қазақ» демегенде кім дейміз? Тілін білмеген адамды қалай қазақ дейсің. Қазақ тілінің жауы да солар. Тіліміздің жауы – ұлтымыздың жауы.
Неге «рускоязычный» өзбек, қырғыз, түркімен... демейді. Ұлтымыздың жауы деген де, орыс, қазақ тілді болып жауласу емес: Россияда қаншама ұлттар жойылды. Ол ұлт адамдары жойылған жоқ. Ана тілдерінен айырлған соң, ұлты жойылды. Ташкентте қазақ тілін білмейтін қазақтарды көрдім. Үйінде де болдым. Көршілерінің бәрі өзбек. Түр әлпеті, тілі, жүріс тұрысы, дәстүрі бәрі өзбекке ұқсас. Қазақпыз деген аты болмаса, қазаққа ұқсамайды. Қанында қазаққа тән қаситеттерден арылған соң,үрім-бұтағы сол ұлтқа сіңісіп кетеді екен.
Орыс тілін өзіміз жарнамалаудамыз
Бізде әзіргі қалпымыздан таймасақ, күндердің-күнінде, орыстың тілін, дәстүрін, мәдениетін бойымызға сіңірген соң орыстанып кету қауіпі жоқ емес. Кейін орыс тілді қазақ болады да, үрім-бұтақтары қазақ болғанын ұмытады. Оны да әзірден өзіміз жарнамалап жүрміз. Телевидениеден кейінгі кезде орысша жарнамаларды, қазақтың жас балаларына айтқызып қойғанынан көруге болады. Телеарнада орысша бағадарламаларды қазақтардың жүргізуі де жилеп кетті. Астана ТВ арнасында «Лица столицы» деген бағдарламасында қазақша кимешек киіп құмалақ ашып отырған қазақтың екі әжесін келемеждеп орысша сөйлетіп қойыпты.
«Юрта-1» деген бағдарламасында да, киелі қазақ киіз үйінде қазақ қыздары, жігіттері (мен оларды қазақ жігіттері дей алмаймын. Намысы барды ғана қазақ «жігіт» дейді) орысша дәмсіз сөйлеп, мәз-мәйрам болуда. №7 каналда «40 миллион» бағдарламасында жүргізуші қазақ та, қатысушы қазақтар да орысша сөйлейді.
Орыстарға ұқсастырып біздің телеаранларда да «Идеальная невеста» бағдарламасы шығып жатыр. Жүргізуші, қтысушылар, қазақтар болғанымен бағдарлама орыс тілінде өткізіледі. Бір көрінісінде қатысушылар – Фарида, Зарина, Жұлдыз, деген қазақ қыздары, қазақ жігітімен орысша сөйлесіп, өз ана тілдерін кемсітіп, орысша сөйлегендерін үлкен жетістік, мәдениет санап отырды.
Осы жылы қазан айының басында ма қыздардың конкурсын көрдім. Тағы орысша. Қазылар алқасы да, отырғандардың бәрі қазақ бола тұра, орысша сын, бағаларын айтуда. Телеарна да қытай, кәріс т.б ұлттарды қазақпен орыс тілінде айтыс өткізуді шығарыпты. Айтысты сайқымазаққа айналдырмай, оларды қазақша айтқызуға болмайды ма? Болады. Қазақша кино түсіреміз де, қанша шығын жұмсап, Қазақстанда қазақша, қазақ актерлері ойнаған киноны орыс тілінде көреміз. Не деген масқара? Аты «Қазақ ТВ» деген арнаның өзі де топырлатып қазақтарды орысша сөйлетіп қойған. «Білім» бағдарламасында да оқымыстыларамыздың өзі орыс тілінде сөйлейді. Қазақ тілді жаңалықтарда министр, прокурор, әкімдер орыс тілінде жауап беріп тұрса, мемлекетіміздің ресми өкілдері шетелдік қонақтармен орыс тілінде сөйлессе, қазақ тілі қалай көгереді? Қайта кері кетудеміз. Осыдан кейін қалайша «Орыс болам десең алдымен қазақ бол» деген мақалды жоққа шығарасың. Спорттық ойындарды да екі тілде жүргіземіз. Міне, көрдіңіздер ме? «Қазақтың жауы – қазақ» деген мақал бекер айтылмаған. Орыс тілділерге бар жағдайды жасаймыз да, қазақша үйрен дейміз. Оларға қазақ тілінің қажеті не, орыс тілінде бар ақпаратты алып тұрса, жұмысында, күнделікті тұрмысында қазақ тілінің қажеті болмаса?
Бәріне біз – үлкендер кінәліміз
«Жығылғанға жұдырық» дегендей, «Қазақ тілі» күнін, бүйректен-сирақ шығарып «Европалық тіл» күні деп, басқа жұрттың алдында, ана тілімізді жығып бергендер де – қазақтар.
Ертең ел алдында, ұрпағына биліктің тұтқасын ұстағаннан басқа қандай еңбегім бар деп айтады сол қазақтар. Еңбектері жоқ болса не айтады? Елім, жерім, тілім деп, шындық іздеп шырылдағанды оппозициясың деп қамай берсе. Шенімен, байлығымен масаттанғандардан қазаққа, қоғамға не пайда? Жазушы Дулат Исабеков те «әзіргі 60-70 жас аралығындағы ұлт, тіл жанашырлары кеткен соң, қазақтың тілін кім жоқтайды?», - деп, кейінгі қазақ жастарының дәрменсіз, жігерсіздігіне күйініп жүр.
Шәкәрімнің кім екенін білмейтін, «Абай жолы» романын оқымақ түгілі кім жазғанынан мүлде мақұрым мұғалімдерді көрдім. Соның біреуі мектеп директорының орынбасры болып жүр.
Жастарымыздың ұлттық рухани дүниелерден жырақтап қалуына Ел президентінен бастап, үлкендерді тегіс кінәлі санаймын. Тілімізді көгертеміз десек, телеарналардан ұлты қазақтарға орыс тілінде сөйлеуге, жүргізуге тиым салу керек. Қазақша білмейтіндерді шығармау керек. Екі-үш жыл аралығында, жаңалықтарды орыс тілінде беруді тоқтатқанымыз жөн. Намыссыз қазақтарға дауа жоқ, орыс тілінде сөйлеп, сайрай берсін. Өздерінің ар-намысына қалдырайық. «Тіліңді, ұлттық дәстүріңді сақта, ұмытпа, жалған сөйлеме, адал, мейірімді бол, арамдық жасама», - деп біз айтпағанда кім айтады? Жастарға үлгі көрсетіп, айту үлкендердің парызы. Сөзім біреуге ұнар, біреуге ұнамас, мен соны айттым.
Жарқынбек Сейтінбетұлы,
«Қадірменді қариялар» ҚБ
төрағасының орынбасары,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Abai.kz