Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4559 11 пікір 3 Қаңтар, 2024 сағат 14:57

Қазақтың тектілігі қайдан көрінеді?

Біз кәзір қит етсе "тектілігімізден түк қалмаған, бос мақтанамыз, майдамыз, бақа-шаянбыз" деп өзімізді жерге тығуға жеткізбейтін болып алдық.

Ал, Есенқұл Жақыпбеков: "Мен жеңілумен атағы шыққан ақынмын" дейтін. Міне, біздің тектілігіміз осы жалғыз ауыз сөзден көрінеді. Бұрын айтыста кім жеңіледі, оны жұртқа тарату сол адамның міндеті болған.

Сырдан Созаққа іздеп келіп, ат үстінде Гүләйіммен айтысты кешке таман бастап, "қожеке, тамақ ішіңіз, сосын жалғастырасыз" дегенде: "Мен жеңемін, Гүләйім қолтықтап аттан түсіріп алады" деп, таң атқанда, "жеңілдім екі аяғым көктен келіп" деп, атынан түспеген күйі қайтып кеткен Майлықожа секілді... Сол сабақтастық әлі де бар. Оны жоғалтсақ - құримыз...

фото: ашық дереккөзден

Өмірзақ Ақжігіт

Abai.kz 

11 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1606
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1209
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1119