Оралдағы газ жарылысынан екі адам көз жұмды
Оралда газ жарылып, дәмхана қирап түсті. Оқиға орнындағы өрт 10 минутта ауыздықталғанша 25 м² аумақты жандырып тастаған.
Опырылып құлаған дәмхананың қирандыларының астынан екі адамның мәйіті табылды.
"Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, Оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда", – деп жазылған хабарламалда.
фото: ашық дереккөзден
Abai.kz