Сенбі, 23 Қараша 2024
1339 1 пікір 5 Қаңтар, 2024 сағат 14:58

Жетісу облысында сарбаз көз жұмды

Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай ғана болған сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әмір Байтұрғанов спортпен тұрақты айналысып келген. 2023 жылдың 21 желтоқсанында оның отбасына жағымсыз хабар жетіп, Әмірдің комаға түсіп қалғаны айтылған. Көп ұзамай жас жігіт қайтыс болған.

Бірер күн бұрын жауынгерлік жаттығулардан кейін Әмір өзін нашар сезініп, қызуы көтеріліп дереу ауруханаға жатқызылыпты. Дәрігерлер ыстығын уақытша түсіре алған көрінеді.

Қорғаныс министрлігі бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ілиясов сарбаздың өліміне жіті инфекциялық менингит себеп болуы мүмкін дейді.

Бірақ туыстары өлімнің бұған сенбейді. Олардың айтуынша, ұлы ұзақ уақыт бойы бүйрегі ауыратынына шағымданып келген.

«Бұған дейін ол бүйрек ауруы бойынша медициналық бөлімшеге бірнеше рет жүгінген. 28 қарашада ол бөлімшенің медициналық қызметінің басшысына УДЗ жасату үшін хабарласқан. Тек 6 желтоқсанда қалаға барып, УДЗ-ге түсіп, екі жақты пиелонефрит деген диагноз қойды. Медициналық бөлімшеге сол күні түскенімен 3 күн ғана емделді», – деді Мұрат Байтарғанов.

Туыстары өлімге ұзаққа созылған пиелонефрит себеп болды деп есептеп, қайғылы оқиғаның әділ зерттелуіне үміттенеді. Қорғаныс министрлігі бүйрек ауруы мен өлім арасындағы байланысты жоққа шығаруда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383