Бейсенбі, 22 Мамыр 2025
1060 1 пікір 9 Қаңтар, 2024 сағат 15:03

«ҚазМұнайГаздан» дивиденд алу – жалған жарнама

Алматы прокуратурасы "ҚазМұнайГаз" жаңа инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнамаға" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтаған.

"Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның мәліметіне сәйкес таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2789
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4525