Сенбі, 23 Қараша 2024
1292 3 пікір 10 Қаңтар, 2024 сағат 15:07

Пара алған полицейлер: Өскеменде қылмыстың беті ашылды

Өскемен қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлады. 

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Өскемен қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің лауазымды тұлғалары мен басқа да адамдардың жемқорлық әрекеттерін әшкереледі. Мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын беру кезінде жүйелі түрде пара алу фактісімен әкімшілік полиция бөлімінің бастығы сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталу сатысында», - деді Арман Тілеукенов ведомствода өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деді ол.

Фото: tengrinews.kz

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415