Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2757 17 пікір 16 Қаңтар, 2024 сағат 18:08

Ресей тілшісі: «Қазақстан орыс тілін қысып жатыр»

Ресейлік журналист Тина Канделаки: «Қазақстанда орыс тілі шеттетіп жатыр», - деп жерәлемге жар салды.

«Қазақстан мемлекеттік деңгейде орыс тілін қысымға алуын ақырындап жалғастырып келеді. Республиканың Көлік министрлігі бірнеше теміржол станцияларының атауын өзгертпек. Орысша атауларды қазақшаға ауыстыруды қолға алмақ. Мысалы, "Уральск" станциясын "Оралға", "Узень" станциясын "Жаңаөзенге" және тағы басқаларын өзгертуді ұсынды»,- деп жазды Канделаки.

Ол Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет екенін және өз жеріндегі объектілердің атын өз тілінде айтып, жазу үшін Ресейден рұхсат сұрамайтынын ұмытып кеткен сыңайлы. Канделаки мұны қауіпті үрдіс деп атапты.

«Балтық жағалауы тәжірибесі көрсеткендей, бұл өте қауіпті үрдіс. Ол жақта да бәрі ұсақ-түйектен басталып, арты нағыз қауіпті жағдайға жетті. Орыс мектептерін жапты, кеңес ескерткіштерін алып тастады, орыс тіліне тыйым салды, ақырында зейнеткерлерді аязға қуып шықты. Мұндай күмәнді шешімдерді алға тарту үшін тарихтың артына тығылу әсіресе ыңғайлы», – дейді Тина Канделаки.

Еске салсақ, бұған дейін де талай орыс медиасының өкілдері, саясаткерлері Қазақстанның Тәуелсіздігіне күмән тудыратын пікірлер айтып жүр. Әсіресе осңғы бес жылда бұл тенденция күш алды. Енді міне, Тина Канделаки де Қазақстанға тіл тигізіп қалуды жөн санапты.

Мұндай ел ішіне іріткі салатын, соғыс шақыратын пікірлерге қарсы ҚР Сыртқы Істер министрлігі бір ауыз жауап қатуы керек!

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475