Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4108 0 пікір 29 Қазан, 2013 сағат 05:26

Алаштың айтулы тұлғалары Дон қабірстанында жатыр...

Москва қаласы Дон қабірстанындағы Алаштың қос арысы Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов жерленген орынға ескерткіш-тақта орнатылғанына тура екі жыл уақыт болыпты. Орыс орманының ортасында қойылған белгі тастың тарихи маңызы қалың бұқара тарапынан қызу қолдау тапты.

 Ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты жазылды. Қазірде елімізге белгілі электронды ақпарат құралы «Абай KZ» порталы осы оқиғаға қатысты кеңінен жазды, көптеген материалдарға орын берді.

Уақыт өткен сайын, тәуелсіздік талаптарына сай тұмса тарихымызды қайтадан зерделеу барысында Алаш ардақтыларының елдігімізді сақтап қалу үшін атқарған істерінің бағасы да арта түсуде. Еліміз көлемінде Алаш ардақтыларына ескерткіштер ашу, белгі-тақталар орнату тұрғысындағы өрелі істерді насихаттау, артында қалған мол мұраларын зерттеп, ел игілігіне айналдыру – күн тәртібіндегі келелі мәселелердің бірі. Алаш рухын асқақтатуға бағытталған мұндай іс-шаралардың әсіресе өскелең жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор болмақ. Осы ескерткіш-тақта ашылғаннан бері көптеген оқырмандардан хаттар алдық. Солардың басым көпшілігі Әлекең жатқан Дон қабірстанына байланысты. 

Москва қаласы Дон қабірстанындағы Алаштың қос арысы Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов жерленген орынға ескерткіш-тақта орнатылғанына тура екі жыл уақыт болыпты. Орыс орманының ортасында қойылған белгі тастың тарихи маңызы қалың бұқара тарапынан қызу қолдау тапты.

 Ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты жазылды. Қазірде елімізге белгілі электронды ақпарат құралы «Абай KZ» порталы осы оқиғаға қатысты кеңінен жазды, көптеген материалдарға орын берді.

Уақыт өткен сайын, тәуелсіздік талаптарына сай тұмса тарихымызды қайтадан зерделеу барысында Алаш ардақтыларының елдігімізді сақтап қалу үшін атқарған істерінің бағасы да арта түсуде. Еліміз көлемінде Алаш ардақтыларына ескерткіштер ашу, белгі-тақталар орнату тұрғысындағы өрелі істерді насихаттау, артында қалған мол мұраларын зерттеп, ел игілігіне айналдыру – күн тәртібіндегі келелі мәселелердің бірі. Алаш рухын асқақтатуға бағытталған мұндай іс-шаралардың әсіресе өскелең жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор болмақ. Осы ескерткіш-тақта ашылғаннан бері көптеген оқырмандардан хаттар алдық. Солардың басым көпшілігі Әлекең жатқан Дон қабірстанына байланысты. 

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Дон қабірстанындағы 2,5 шаршы метр жерге «бауырластар зиратында» 5065 адам жерленген. Олардың қатарында, кейінгі ізденіс, зерттеулердің нәтижесінде мәлім болғандай, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған басқа да қазақ зиялылары, сондай-ақ бұрынғы поскеңестік кеңістікте аты кеңінен мәлім мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқымысты ғалымдар, мәдениет және өнер шеберлері бар.

Атап айтқанда:

Нұрпейісов Садық Нұрпейісұлы, 1904 жылы Қостанай уезінің Торғай облысында малшы отбасында туған. ВКП(б) мүшесі, білімі төмен, Қазақстан КП ОК бұрынғы 2-ші хатшысы, СССР-дің Ұлттар кеңесінің депутаты, ВКП(б) ОК қарауында болған. Ұсталған кезде Москва қаласында тұрған: «Москва» қонақ үйі, 1041-бөлме.

1938 жылы 1 қарашада тұтқындалған. 1939 жылы 25 ақпанда террорлық ұйымға қатысқаны үшін ату жазасына кесілген. Сол күні атылған. 1956 жылы 28 шілдеде ақталған.

Қасымов Абай Қасымұлы, 1897 ж. малшы отбасында, Синьцзян (Қытай) провинциясында туған, қазақ. Жоғары білімді. Қытайдың Баркөл провинциясы губернаторының көмекшісі болған. 1938 жылы ұсталып, 1939 жылы атылған. 1959 жылы ақталған.

Сондай-ақ, аталмыш қаралы тізімде мынадай айтулы тұлғалар бар:

Вербицкий Александр Дмитриевич, 1904 ж.т., Ленинград қалалық комитетінің хатшысы, тұтқындалған кезде СССР теңіз флоты министрінің орынбасары болған. 1950 жылы атылып, 1954 жылы ақталған. А.Д. Вербицкий – қазіргі Санкт-Петербург федералдық университетінің Президенті, ірі ғалым Л.А. Вербицкаяның әкесі.

Вознесенский Александр Алексеевич, 1898 ж.т. РСФСР-дің оқу-ағарту министрі болған.

Вознесенская Мария Алексеевна, 1901 ж.т. Ленинградтың Куйбышев аудандық комитетінің хатшысы.

Габидуллин Хаджи Загидуллаевич, 1897 ж.т. Москва мемлекеттік университетінің профессоры. 1937 жылы атылып, 1957 жылы ақталған.

Гавронский Феликс Валерьянович, «Мосфильмнің» радакторы. 1937 жылы атылып, 1958 жылы ақталған.

Ибрагимов Амир Халяфович, 1895 ж.т.  Ленинград орман техникасы академиясының ғалым-хатшысы. 1937 жылы атылып, 1991 жылы ақталған.

Мейерхольд Всеволод Эмильевич, 1874 ж.т. Мейерхольд атындағы театрдың режиссері. СССР халық артисі. 1939 жылы тұтқындалып, 1940 жылы атылған. 1955 жылы ақталған.

Окуджава Николай Степанович, 1991 ж.т. «Союзторф» бірлестігінің экономика-жоспарлау бөлімінің бастығы. Ұзақ жылдар айдауда болған. Оның ішінде Қазақстанда, Семей қаласында 3 жылдан астам уақыт жазасын өтеген. Ақырында 1939 жылы атылған. 1958 жылы ақталған. Николай Степанович әйгілі ақын-жазушы, бард Болат Окуджаваның әкесі Шалваның туған ағасы. Шалва да – қуғын-сүргін құрбаны.

Ольшанский Михаил Михайлович, 1895 ж.т. ірі әскери қайраткер, дивизия командирі болған. 1937 жылы ұсталып, сол жылы атылған. 1956 жылы ақталған.

Плятт Владислав Иосифович, 1985 ж.т. СССР-дің Түркия мен Ирандағы бұрынғы консулы. 1937 жылы атылып, 1956 жылы ақталған. Владислав Иосифович – СССР халық артисі, белгілі кино және театр актері Ростислав Пляттың туған ағасы.

Померанцев Федор Алекссевич, 1896 ж.т. Бұрынғы патша армиясының офицері, жоғары білімді әскери маман. Бригада командирі болған. 1938 жылы тұтқындалып, 1939 жылы атылған. 1959 жылы ақталған.

Раевский Стефан Александрович, 1885 ж.т. «Журналь де Моску» («Московская газета») газетінің жауапты хатшысы. 1936 жылы ұсталып, 1937 жылы атылған. 1956 жылы ақталған.

Талалаев Иван Иванович, 1913 ж.т. әскери ұшқыш. 1937 жылы атылған. 1990 жылы ақталған.

Тухачевский Михайл Николаевич, 1893 ж.т. СССР қорғаныс халық комиссарының 1-орынбасары, Совет Одағының маршалы. 1937 жылы 12 шілдеде атылған. 1957 жылы ақталған.

Якир Иона Эммануилович,  1896 ж.т. ВКП(б) мүшесі, Ленинград әскери округінің қолбасшысы, 1-рангілі командарм. 1937 жылы атылып, 1957 жылы ақталған.

Бұл тізімді тоқтатпай тізе беруге, жаза беруге болады. 5 мың жазықсыз құрбандардың ішінде небір майталман мамандар, қалаулы қызметшілер, еліне тұтқа болатындай тұғырлы тұлғалар бар. Бәрі де жазықсыз жапа шегіп, жоқтан өзгеге айыпталып, көгендеп ұсталып, көктей оталған. Ақыл-санасы толысып, парасат-пайымы тарлан тарқан жасында отқа түсіп, оққа байланған. Шіркін-ай деп ойлайсың, ел басына күн туған, сұрапыл соғыс иектеп тұрған сындарлы кезеңде қаншама тамаша тұлғалардан, адам әлеуетінен айрылып қалғанбыз...

Сөз жоқ, Ә.Бөкейханов – тек ұлттық тарихи тұлға емес, заманалық тарихи тұлға. Сонау ХVІІІ ғасырдың аяғындағы Вестьвальд бітімінен бері жүзеге аса алмай келе жатқан ұлттық егемендік мұратының жүзеге асуы біздің ғасырымыздың басына сәйкес келді. Жалпы ХХ ғасырдың басы отаршылдық пен езгіге бой бермейміз деп тулап шыққан күрескер рух, көсем жігердің талай-талай күрескерлерін сыйлағаны белгілі. Солардың арасында Әлихан Бөкейхановтың орны бөлек. Асыл Әлекеңнің арналы ғұмыры, өнегелі өмірі, ересен еңбегі мен өжет күресі бүгінгі еркін егемен еліміздің байыпты тыныс-тіршілігінің алғашқы қадамдары деп батыл айтуға болады. Ол Батыс пен Шығыстың жақындасуына, дін мен мәдениеттің халықтардың арасына жік салмай, көпір болуына, аз бен көптің бауыр болуына жан-тәнімен ұмтылған рухани дәнекер, шырақшы еді. Ол тұтқан шырақ бүгінде оның азат халқының алаулы тағдыры болып маздап тұр.

Бұл – бәріміз үшін асқақ абырой, үлкен жауапкершілік. Бүгінгі қазақ қоғамы тек азаттық жолында арманда кеткен ардақты тұлғаларының асыл мұраттарына адал болса алса ғана мақсатына жете алады. Сондықтан да Әлекеңдер аманат еткен істі ары қарай жалғастыра беру, олардың өнегелі өмір жолын ұрпақ санасына барынша сіңіре беру – азаматтық парызымыз.

Жақсылардан қалған із өшпегей!

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

заң ғылымдарының докторы,

ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282