Аппеляциялық сот Марат Жыланбаевқа шыққан үкімді өзгертпеді
Астана қаласының қалалық соты тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаев апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Марат Жыланбаевтың апелляциялық шағымын қарау жабық режимде өтті.
Сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмады. Бұл туралы белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараев айтқан. Осылайша үкім өзгеріссіз қалды.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Марат Жыланбаевты былтыр қарашада жеті жылға соттаған еді. Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған.
Марат Жыланбаев– қазақстандық марафоншы. Кейінгі кезде елдегі саяси оқиғаларға араласып, сайлауға да түспек болған. Партиясын белсенді тіркей алмады.
Ол әлемдегі ең үлкен шөлдерді жалғыз жүгіре алған жалғыз адам. 2022 жылы "Ар-Бедел" қоғамдық қоры белсендінің сөздерінен кейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы іс бойынша Жыланбаевты сотқа берген. Жыланбаев ол сотта жеңген еді.
фото: vlast.kz
Abai.kz