Сейсенбі, 6 Қазан 2026
2230 0 пікір 19 Қаңтар, 2024 сағат 14:23

Мұхамедиұлының әйелі мен заңгеріне қатысты сот жүріп жатыр

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен заңгеріне қандай айып тағылғанын айтты. 

«Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне пара берудегі делдалдық, ал адвокатына – аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот талқылауы кеше басталды. Сот актісі жарияланған уақытта ресми ақпарат қосымша ұсынылады», - деп жауап берді сот агенттік сауалына.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты жаңа іс аясында сот талқылауы жалғасуда. Сотта екі эпизод — «Дипломат» қонақүйін тартып алу және «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу кезінде билігін асыра пайдалану, рейдерлік әрекет қаралып жатыр.

Былтыр 20 маусымда сот үкімімен А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Фото:Tengrinews.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 781
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1088