Жұма, 22 Қараша 2024
1595 3 пікір 26 Қаңтар, 2024 сағат 17:43

Қазақстанға 2023 жылы 21 323 қандас келді

Сурет: Ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев этникалық көші-қон саясаты қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Abai.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

2022 жылы 19 223 қандас көшіп келсе, жыл басынан бері елге барлығы 21 323 қандас келгені анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында баспасөз мәслихатын өткізген министрлік өкілі хабарлады.

Қандас мәртебесі бойынша құжаттар е-қонақ мобильді қосымшасы арқылы қабылданып, бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істеледі. 42 елшілік пен консулдық қандастардан құжат қабылдайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы бұйрықтың жобасын ұсынды. Бұйрықта қандастарға өңірлік квота келесі жылы 2 433 адамды, қоныс аударушыларға – 7 050 адамды құрайтыны айтылған еді.

Дариға Ержанқызы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300