Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2213 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 04:15

Қазалыдан Протон-М зымыранының қаңқасы табылды

Қызылорда облысының Қазалы ауданы орналасқан аймақтан «Протон-М»зымыранының сынығы, яғни қаңқасы табылды. Бұл туралы Ресейдің «МИР 24» арнасы хабарлады. Аталған арнаның хабары Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алып пайдалануына қатысты ел ішіндегі наразылықты қайтадан өршіте түскен сыңайлы. Оның үстіне, «отқа май құйған» адамның әрекетіне бағып «Роскосмостың» өкілі (баспасөз орталығының жетекшісі) Сергей Горунов: «Қазалының тұрғындары әлгі қаңқаны тауып алып өтемақы талап ету үшін шулап жүр», - деп салды. «Протон-М»-нің сынығы Қазалы жерінен табылды. Бұл - бұлтартпас факт. Әгәрәки, қаңқа қаңғып барып Қазалыға құламаса, ел оны жерден қазып алмайды ғой. Горуновтың оны ескергісі жоқ. Есесіне әлгіндей сөз айтып бетбақтырмай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жаз айының шіліңгір шілдесінде (02.07.2013 ж) Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Протон-М» зымыран тасығыш кемесі құлап әуеде жанып кеткен болатын. Сол кезде екі тарапта: Қазақстан мен Ресей мамандары «зымырантасығыш айлақтың аумағына құлады, сондықтан ол апат болып есептелмейді» деп жақауратқан. Артынан айлақта гептил көлі «тұнып», айналасына экологиялық қауіп төндіргені анықталды.  Деректерге жүгінсек, 1957-2013 жылдардың шегінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Протон М» зымыраны ауаға 2 мың тонна гептил  жайып үлгеріпті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419