Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2957 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 04:55

Мәлік Ғабдуллин тақиясына тар келгені ме?

Қазақ зиялыларыннан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының батыры, филология ғылымдарының докторы, КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, жазушы, танымал қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин – ұлт тарихындағы орны ерекше тұлғалардың бірі.

Кезінде «Батырым, Мәлік беренім, жырымды саған төгемін» деп жыр алыбы Жамбылдан бастап барша қазақ ақындары майдандағы ерлігін дәріптеген Мәлік Ғабдуллинді туған халқы қадірледі, құрмет тұтқандығының айқынбір куәсі – туған жері Көкше өңірінен өзге Қазақстанның түкпір-түкпірінде батыр атындағы мектептер мен көшелердің болуы.Алайда, «Көзден кетсе, көңілден кетеді» дегеннің кері келіп, өзі өмірден өткен соң, батыр ұстаздың көзін көріп, сөзін тыңдаған тұрғыластары тұғырдан тайған соң, «өлі арыстаннан тірі тышқан артықтың» кебін келтіріп, барша қазақтың Мәлігінің атымен аталған көшені атасының атына аударып алғандар да бар екен. Біздің айтпағымыз да осы келеңсіздік туралы.

Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин мұражайына Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Қарақат аулының тұрғыны Советхан Шайхазимов атты азаматтан хат (1-нші суретке қараңыз) келіп түскен болатын. Оқырманға түсінікті болу үшін хаттың мәтінін түгелдей беріп отырмыз:

«Осыдан 38 жыл бұрын, яғни 1975 жылы Жеңіске 30 жыл толу құрметіне орай Қарақат аулының орталық көшесіне Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілген еді. Бұл ауыл тұрғындарының батырға көрсеткен құрметі болатын. Майданда елін жаудан қорғау үшін ерлік көрсеткен батырдың есімі халық жадында мәңгі сақталары сөзсіз еді. Дегенмен бұл қуаныш көпке созылмады. 1995 жылы Жеңістің 50 жылдық тойында бұл көшенің атауы екінші рет өзгертілді. Мектеп ауласында құрбан шалынып, кең дастархан жайылып, ерекше салтанатпен көше Әбілда Сүлейменовтің есімімен аталды. Бұл өзгерістің басында әуелі ауданның мәслихат депутаты болған, кейін аудандық мәслихат хатшысы болып 10 жылдан аса қызмет еткен Пазыл Сүлейменов тұр еді. Сол кездерде:

– Көшенің аты неге өзгертілді? Бұл әрекеттерің батырды тарих бетінен өшіргендеріңмен бірдей емес пе? – деп Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында облыс әкіміне хат жолдаған едім. Комиссия құрылып, тексеріс жүргізілді. Алайда белгісіз себептерге байланысты бұрын көше батыр атымен аталғандығы туралы ешқандай дерек көздері табылмады. Сонымен көше жаңа есімімен, өзгеріссіз қалды. Осыдан кейін осы мәселені республикалық «Время» газетіне екі рет жариялаған едік. Бірақ осы көшенің тұрғыны Түменбаев Тоқтасынның өзіне мұраға қалған жеріне берілген мемлекеттік актісінде көшенің аты «Мәлік Ғабдуллин» деп тайға таңба басқандай көрсетіліп тұр.

Жуырда Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толып, Ақмола облысы, Зеренді ауданында ескерткіш ашылды. Батыр есімін ұлықтап, құрмет көрсету – бәрімізге ортақ парыз. Сондықтан Қарақат аулындағы орталық көшеге батыр есімін қайтаруын сұранамын. Дегенмен, кәсіпкер Пазыл Сүлейменов ауданның беделді азаматтарының бірі. Сондықтан ол кісі көшенің атының өзгеруіне түбегейлі қарсы, әрі бұл істі жүзеге асырмауға барынша күш салуда. Маған түсініксіз болып тұрғаны – ол кісі әкесінің атын неге басқа көшеге қоймайды?

Аса құрметпен, С.Шайхазимов».

(PS: Хат иесі, датадан сәл жаңылып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің ғасырлық тойы 2015 жылы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтіледі деген жоспар бар)

Мінеки, ағайын! Жер астынан жік шығарып, екі құлағын тік шығарып, екі мүшелге де толып үлгермеген, шындығын айтқанда тағыда таразыда теңселуге шақ тұрған егемендіктің етек-жеңін қымтап, нығайтудың орнына «ауылдың атын – атама, көшенің атын – көкеме» деп, қолынан келсе, қоншынан басудың сиқы! Мұнымен қалай ел болмақпыз?!  Көпке топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен неліктен Жамбыл жұртында осындай келеңсіздік жиі орын алып отыр? (мәдени мекемеден Абай есімінің алынып тасталуы т.б.). 

Кешегі Мәскеу үшін шайқаста асқан ерлік көрсетіп, қазақ деген халықтың ерлігін әлемге танытқан Бауыржан мен Мәлік Жамбыл мен Көкшетау үшін соғыспаған еді ғой? Осынау екі нар тұлғаның өзара достығының өзі екі елдің арасындағы алтын көпір еді ғой. Мәлік Ғабдуллиннің ерлігін алғаш эпикалық дастанға айналдырған да жамбылдық ақын Жақсыбай Жантөбетов болатын.

Білдей бір ауданның мәслихатын басқарған Пазыл Сүлейменовтей азаматтың көшелілігі көше атауын әкесіне аударып алғандығы ма? Ұлт руханиятының іргетасын құрайтын Мәліктей тұлғалар есімі рушылдық, жершілдік дейтін асқын дерттің бодауында қалмауы тиіс. Советхан Тұрлыұлы сияқты әділдікті ту еткен, ерлікке бас иген арлы азаматтарға үн қосып, қолдау көрсетіп, әділеттің салтанат құруына атсалысайық.

А.Байтанұлы

Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419