Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6916 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 07:57

Тораңғы

Тораңғы еліміздің шөлді өңірінде ерте замандардан өсіп келе жатқан қасиетті де, киелі ағаштың бірі саналады. Ол көбіне құрғақ далалы аймақтардың тақырлы, тұзды, борпылдақ сортаңды, құмдауытты, шөлейтті, шөлді алқаптарындағы өзен аңғарларында, бұйратты құм жоталарының арасындағы ойпаңдау жерлерде өсетін бірден-бір биік діңгекті ағаш.

Қазақ халқы тораңғы ағашын ежелден-ақ «шөл даланың падишасы» деп ерекше қастерлеп, оны отын ретінде отқа жағуға рұқсат етпейді, тіпті оны кесуге де болмайды деп есептейді. Өйткені тораңғы ағашының сұр-қоңырқай қабығына пышақ тисе, сыртына қызғылт түсті сөл бөлінеді. Сондықтан да тораңғының қанға ұқсас сөлін оның қанды көз жасы деп, оны кескен адамды тораңғының киесі ұрады деген сөздермен тыйым жасап, шөл даланың көркі болып саналатын тораңғыны көзінің қарашығындай қорғауды үнемі ұрпақтарына өсиет етіп қалдыруының танымдық та, тәрбиелік мәні зор.

Тораңғы еліміздің шөлді өңірінде ерте замандардан өсіп келе жатқан қасиетті де, киелі ағаштың бірі саналады. Ол көбіне құрғақ далалы аймақтардың тақырлы, тұзды, борпылдақ сортаңды, құмдауытты, шөлейтті, шөлді алқаптарындағы өзен аңғарларында, бұйратты құм жоталарының арасындағы ойпаңдау жерлерде өсетін бірден-бір биік діңгекті ағаш.

Қазақ халқы тораңғы ағашын ежелден-ақ «шөл даланың падишасы» деп ерекше қастерлеп, оны отын ретінде отқа жағуға рұқсат етпейді, тіпті оны кесуге де болмайды деп есептейді. Өйткені тораңғы ағашының сұр-қоңырқай қабығына пышақ тисе, сыртына қызғылт түсті сөл бөлінеді. Сондықтан да тораңғының қанға ұқсас сөлін оның қанды көз жасы деп, оны кескен адамды тораңғының киесі ұрады деген сөздермен тыйым жасап, шөл даланың көркі болып саналатын тораңғыны көзінің қарашығындай қорғауды үнемі ұрпақтарына өсиет етіп қалдыруының танымдық та, тәрбиелік мәні зор.

Тораңғы ағашының қасиетін қолөнер шеберлері жақсы біледі. Тораңғының тек қурап қалған ағашынан қолөнер шеберлері әр түрлі бұйымдар жасайды. Мысалы, түркістандық шебер Гауһарбек Күнқожаев «Қасиетті көк түйе» атты композициялық керемет домбыра жасаған туындысының қондырғысын Сыр бойында өсетін қасиетті тораңғы ағашынан жасауында да үлкен мән бар. Кей жерлерде жеке-дара тораңғы ағашы өсетін алқаптар «әулиелі жерлер» деп аталады. Мысалы, «Бес тораңғыл әулие», «Үштораңғы», «Желтораңғы» және т.б. жер атаулары соның айғағы деп айтуға болады.
Халқымызда тораңғы ағашына қатысты көптеген сөз тіркестері кездеседі. Мысалы, «бүрі төгілген тораңғыдай», «тораңғыдай то­лықсып», «шөлге біткен қу тораңғыдай», «кәрі тораңғыдай» және т.б. Сонымен қатар көр­некті халық жазушысы Қабдеш Жұ­маділовтың «Бір түп тораңғы» атты повесіндегі басты кейіпкерді тораңғы ағашына теңеуінде де үлкен мән бар. Халқымыз тораңғы ағашының көлеңкесінде ұйықтап демалуға болмайды деп есептейді.
Өлкемізде өсетін тораңғы ағаштары бұдан 2 миллион жылдан бері өсіп келе жатқан тарихи әрі табиғи ескерткіш деп атауға да болады. Оның тамыры тарамданып әрі торланып өсетіндіктен «тораңғы» деп аталған деген де пікірлер бар. Жетісу өңіріндегі «Ақтау» деп аталатын алқапта да тораңғы өсетіні баспа беттерінде жазылды.
Қазақ халқы тораңғы ағашы топтанып өсетін алқапты «Тораңғыл» деп атайды. Тораңғы ағашы туралы халық арасында аңыз-әңгімелер көптеп айтылады. Сондай аңыздың бірі тораңғы тоғайының түн қараңғысында сиқырлы ән салып тұруы періште қыздарының тораңғы тоғайының ішінде болады дегенді білдіреді.
Маман ғалымдардың пікірі бойынша, тораңғы (Майсупова, 2011) ағашы талдар (Salixacede) тұқымдасының теректер (Populus) туысына жатады. Тораңғы діңі жуан, жапырақ желектері мол жайқалып өсетін сәнді ағаш.
Қазақстан аумағында тораңғы ағашының 3 түрі өседі. Оның бірінші түрі – қара тораңғы (Populus diversiolia), ал екінші түрі – ақ тораңғы (Populus pruinosа) деп аталады. Бұ­лардан басқа Литвинов тораңғысы да өседі (Винтерголлер, 1976).
Қара тораңғы өлкемізде біршама кеңінен таралған. Ол Арал маңындағы шөлейтті, шөлді өңірлерден бастап, ендік бойынша Балқаш, Алакөл ойпаттарындағы ескі өзен аңғарлары мен жағалауларында, құмды төбелердің аралықтарындағы сортаңды, тақырлы жерлерде өседі. Қара тораңғының биіктігі –15-20 метр, діңінің диаметрі –1-1,5 метрге жетеді. Бұдан 61 жыл бұрын (1952 ж.) белгілі ботаник ғалым Б.К.Скупченко Балқаш көлі маңынан биіктігі – 30 метр, діңінің жуандығы – 1,5 метр тораңғы ағашын суретке түсіріп алған. Оның діңінің қабығы сарғыш сұр түсті болып келеді және оның қабықтары таспа тәрізді болып оңай сыдырылады. Жас бұтақтары мен өркендерінде орналасқан жапырақтарының пішіні әр түрлі болып келетіндіктен, қара тораңғыны кейде «түрлі жапырақты тораңғы» деп те атайды.
Ақ тораңғы да шөлейтті, шөлді алқаптарда көбіне жеке-дара (кейде шағын тоғай болып) өседі. Ол Қазақстанда Арал теңізі маңындағы құмдауытты жерлерде, Сырдария өзенінің аңғарларында, Балқаш көлінің аймағында жеміс беретін сырғасының ұзындығы – 5-6 сантиметр. Ол Бетпақдала алқабында, Зайсан қазаншұңқырында өте сирек кездеседі. Оның діңі түзу ұзындығы – 1,6 метр әрі діңінің жуандығы –1 метрге жетеді. Бұтақтары жан-жаққа тарамдалып өсіп, бөрікбасы шеңберленіп тұрады. Оның да түкті жапырақтарының пішіні әр түрлі болып келеді әрі суды аз булануға бейімделген. Жапырақтарының түсі көкшіл болып келетіндіктен оны ғылыми тілде «көгілдір жапырақты терек» деп атайды. Ақ тораңғы ағашы Орта Азия елдерінде, Қазақстан, Иран және Ауғаныстан аумағында да сирек өседі.
Тораңғы ағашы басқа терек түрлеріне ұқсас екі үйлі ағаш және ол жел арқылы тозаңданады. Аталық сырғалары қысқа, тығыз әрі жуан, олардың ұзындығы – 2,5 сантиметр, ені – 0,5 сантиметрді құрайды. Гүлдері гүлсеріктерінің қолтығында орналасады. Аналық сырғаларының пішіні конус тәрізденіп тұрады. Тораңғы ағашы көкек айында гүлдеп, мамыр айында жемісі піседі. Жемістері қорапша. Тораңғы тамыр атпалары және тұқымы арқылы көбейеді.
Тораңғы ағашының тамырлары жан- жаққа тармақталып, 10 метрден астам терең­дікке таралады да, жер астындағы ылғалды көптеп сіңіріп, кейде 25 литр ылғал жинайды. Ол ыстық аптапқа өте төзімді келеді.
Ақ тораңғы Қазақстан аумағында көне замандардан өсіп келе жетқан реликті түр ретінде әрі сирек кездесетіндіктен және жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1981ж.) тіркелген және қатаң қорғауды қажет етеді. Еліміздің ақ тораңғы өсетін аумақтарында республикалық мәні бар 2 мемлекеттік ботаникалық қорықша ұйымдастырылған. Оның бірі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы «Тораңғылысай» (аумағы 17 900 га), ал екіншісі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Тораңғылы» (48 га). 2000 жылдың басында Орта Дересін орта мектеп оқушылары сол маңдағы жас тораңғы ағашының 200-ден астам данасын есепке алған. Онда тек 35-45 жылғы жас бұталарының биіктігі 3-4 метр болған.
Тораңғы ағашын халқымыздың «шөл даланың падишасы» деп атауы, оның шөлді аймаққа төзімді екендігін және құм көшкінінен, аптап ыстықтан және жерді тұзданудан қорғайтындығын аңғартады. Ол көптеген өсімдіктер өсе бермейтін өңірлерде еркін өсе береді, яғни табиғаттың кез келген қаталдығына төзімді ағаш.
Ақ тораңғы ағашын бұрын өлкеміздің өңірлік және орталық аймақтарында өседі деп айтылып келсе, 2007-2008 жылдары қазақстандық ботаник ғалымдар Н.В.Нелина мен А.А.Иващенконың Қостанай облысы аумағында, «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватты ұйымдастыру мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу экспедициясы кезінде осы өңірдегі Тосынқұм шөлді алқабының шағын ақ тораңғы өсетін еліміздегі солтүстік нүктесін анықтап берді, бұл ғылым үшін маңызды жаңалық болып отыр.
«Тораңғалы» ботаникалық қорықшасы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Орта Дересін ауыл шаруашылық округінің аумағында орналасқан. Тораңғы ағашы осы ботаникалық қорықша маңындағы Тораң­ғы­шылық ауылдық округы мен шартты түрде «Балқаш-9» деп аталатын әскери бөлімше аймағында да өседі. Бірақ бұл алқаптар бота­ни­калық қорықша аумағына жататын­дық­тан ондағы тораңғы ағаштары қатаң қор­ғауға алын­баған. Тораңғы ағашының сиреуіне негі­зінен 90-жылдардағы дағдарыс ке­зінде оны отын ретінде пайдалану басты себеп болған.
Тораңғы Балқаш көлінің солтүстік -батыс өңіріндегі Қызылкеңгір , Ақсор топырақ, Кеңаңғар, Мыңшұқыр, Бақтай, Малөзек, Шұңқыр деп аталатын шағын шоқтоғайларында жыңғылмен қоса өскендігін көнекөз қариялар есіне алып отырады. Қазір өкініштісі, бұл аталған тоғайларда тораңғы ағашы мүлде қырқылып жойылған.

"Ана тілі" газеті
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454