Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2552 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 09:50

«Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы Мәжіліске қайтты

Редакциямыз барша қазақ халқын сүйінтетін хабар алып отыр. Әрине, бұл хабарға қаны қазақ баласы бек қуанатын шығар деп ойлаймыз: Мәжілістегілер «мәу» деместен Сенатқа айдап жіберген «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы Мәжілістің өзіне қайтып келді. Аталған жоба заң жүзінде бекіп кетсе,  «оралман» мәртебесін иеленген ағайындарымыз 5 жылға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығынан айрылатын еді. Жоба Мәжілістен жол тартып Сенаттың суырмасына түскен күннен бастап Abai.kz ақпараттық порталы дабыл қаққан.  Мына сілтемелерге қараңыз: http://old.abai.kz/content/europa-kazak-kogamdary-federatsiyasy-elbasy-byl-zanga-veto-koyar-dep-senemiz ; http://old.abai.kz/content/altai-bykarbaev-kazak-koshi-syry-men-shyny;   http://old.abai.kz/node/15576; Сондықтан Президенттің құзырына ұсыныла жаздаған жобаның жарты жолдан қайтуы –Abai.kz ақпараттық порталы мен порталдың сергек оқырманының ортақ жеңісі деп бір сәтке марқаюға болатын шығар. Бірақ бұл –  «жаудың беті біржола қайтты» деген сөз емес.

Редакциямыз барша қазақ халқын сүйінтетін хабар алып отыр. Әрине, бұл хабарға қаны қазақ баласы бек қуанатын шығар деп ойлаймыз: Мәжілістегілер «мәу» деместен Сенатқа айдап жіберген «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы Мәжілістің өзіне қайтып келді. Аталған жоба заң жүзінде бекіп кетсе,  «оралман» мәртебесін иеленген ағайындарымыз 5 жылға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығынан айрылатын еді. Жоба Мәжілістен жол тартып Сенаттың суырмасына түскен күннен бастап Abai.kz ақпараттық порталы дабыл қаққан.  Мына сілтемелерге қараңыз: http://old.abai.kz/content/europa-kazak-kogamdary-federatsiyasy-elbasy-byl-zanga-veto-koyar-dep-senemiz ; http://old.abai.kz/content/altai-bykarbaev-kazak-koshi-syry-men-shyny;   http://old.abai.kz/node/15576; Сондықтан Президенттің құзырына ұсыныла жаздаған жобаның жарты жолдан қайтуы –Abai.kz ақпараттық порталы мен порталдың сергек оқырманының ортақ жеңісі деп бір сәтке марқаюға болатын шығар. Бірақ бұл –  «жаудың беті біржола қайтты» деген сөз емес. Тап осындай табанды қарсылықпен елдгімізді, көптігімізді танытпасақ қазақ көшіне тосқауыл жасайтын Заң майлы ішектей айналып баратын жеріне барып қоюы әбден мүмкін. Сондықтан мәселені қалт жібермей бағып отыруға тиіспіз.

Редакциямызға хабарласқан азамат «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасының Мәжіліске қайтуына сенатор Нұрлан Оразалин(суретте) ауқым туғызғанын айтады. Қасына Қуаныш Айтақанов, Жабал Ерғалиев сияқты ұлтжанды әріптестерін серік еткен Оразалин: «Бұдан қиын күндерде де алыстағы ағайындарымызды елге шақырып, жағдайын жасап, азаматтық бергенбіз. Енді бүгін дамыған елдердің қатарына қосылып, тұрымысымыз түзелгенде, қазақ баласын екіге бөліп, жылатқанымыз елдікке жатпайды», - депті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452