Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2648 21 пікір 1 Ақпан, 2024 сағат 17:39

Смаилов отставкаға кете ме?

Сурет: primeminister.kz

Ақордада Үкімет пен Парламенттің келесі бірлескен отырысы өтетіні туралы мәселе көтерілуде. Өткенде, 19‑қаңтарда өткен отырыста бір ғана мәселе қарастырылған болатын.

Ол ‑ БҰҰ айқындайтын ҚР бітімгер күштерін жіберу мәселесі еді.  Ол сұрақ шешімін тапты. Ал, енді, келесі өткізілгелі отырған Үкімет пен Парламенттің бірлескен отырысында қандай маңызды мәселе көтерілмек? Біздің ойымызша, мұнда өткен жолы қаралмай қалған «Премьер‑министр ауыса ма?» деген сұрақ міндетті түрде қойылатын сияқты.

Қаңтар айында бұл сұраққа қоғамдық пікір әрқалай жауап бергені белгілі. Біреулер «орнынан алынады» деді, бірақ, оны аргументтей алмады. Екіншілер: «Үкімет жұмысы сынға алынады, бірақ, премьер‑министр қалады» деді. Жақтаушылар:

1. Демонополизация мәселесі өткір болып тұр. Бір триллион тенге және он млн гектар жер мемлекетке қайтарылды;

2. Үкімет Митталды елден кетірді, КарМет мемлекетке тиімді шарттармен қайтты;

3. Инфляция алдыңғы жылмен салыстырғанда 22 пайыздан 9,8 пайызға төмендеді;

4.Экономикалық өсім 5 пайызға жоғарылады;

5. Алматыдағы БАКАД құрылысының аяқталды;

6. Қонаев және Алатау қалаларының жобасы және бірнеше басқа мәселелерді атап көрсеткен болатын.

Бірақ, осы жолы Премьер‑министр алмасатын сыңайлы. Оның себептері туралы не айтуға болады? Біз мынадай аргументтерді алға тартар едік:

- Біріншіден, Үкіметке келген әр кабинет өз мақсаттарымен келеді. Үкіметті бес жылдай басқарған Премьер‑министр Ә. Смаиловтың кабинеті 2019 жылдан басталған «билік трансформациясында» өз функциясын толық атқарып бітті. Бұл кезеңде мемлекет басқарудың жаңа принципі – «Әділетті Қазақстан» принципі өмірге келді. Бұл бойынша, енді, мемлекет билігі кадрларға деген жаңа сапалық талаптарды қойды, өзгеруге бет бұрды. Ал, премьер‑министр Ә.Смаиловтың жеке тұлғалық сипаты билікте де, қоғамда да әлі де болса бұрынғы «ескі жүйемен» байланыста қарастырылатыны белгілі. Сондықтан, енді бастапқы болып «министрдің іскерлігі» емес, Үкімет басшысының жаңа заман критерийлеріне сай келетін тұлғалық болмысы алдыға шығады. Бұған Ә.Смаилов сай келмейді. Оның үстіне, өткен жылдың соңына қарай, Ә.Смаилов алғашқы президент Н.Назарбаевтың інісі Б.Назарбаевтың қазасына жеке өзі бары көңіл айтуы – Ә.Смаиловты «Жаңа Қазақстаннан» алыстата түскенін жасыруға болмайды. Қоғам оны ұмыта қойған жоқ.

- Екіншіден, қазіргі Мәжіліс Заң жобаларын қабылдауда министрліктер тарапынан кездесетін кедергілерге, Үкіметтің есеп беруіндегі немқұрайылылықтарға көңілі толып отырған жоқ. Сондықтан Министрлерге қарсы сыни пікірлер көп айтыла бастады. Мысалы, соңғы кездері осы қатарда депутаттар Ермұрат Бапи, Қазбек Иса, Ринат Заитов, Ерлан Саиров, Мақсат Толысбай және басқаларының өткір сындары оған куә.

- Үшіншіден, осыған дейін қордаланып қалған өңірлік проблемалар өткір айтылуда. Неге десеңіз, әр өңір өз мәселелерін президент жариялаған «Әділетті Қазақстан» принциптеріне сай қайта қарау мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, Атырау өңірі бойынша Күлсары, Доссор, Атырау қаласы және т.т. мәселелерді депутат Жұбанов көтерді. Маңғыстау да «әділетті бөліс» туралы айта бастады...

Міне, әр тараптан айтылып жатқан осы мәселелер Үкімет пен Парламенттың келесі бірлескен отырысында Әлихан Смаиловты алмастыруға негіз болады дейміз. Әрине, Парламенттің оны «құрметпен шығарып салары» ‑ айтпаса да түсінікті...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383